Атырау, 7 қазан 13:02
 дождьВ Атырау +16.7
$ 453.65
€ 509.99
₽ 5.31

90 мың азаматты алдаған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары жазаланды

Бейнежазба
93 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

Алматыда 90 мыңға жуық азаматты алдап, 25 миллиард теңге жинап алған «Asar Baspana» қаржы пирамидасының ұйымдастырушыларына сот үкімі шықты. Топты басқарған басты айыпталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот шешімімен ұйымдастырушылар тобының жетекшісі Н.М. Туғанбаев 8 жылға, ал оның үш сыбайласының әрқайсысы 7 жыл мерзімге сотталды. Сондай-ақ қаржылық алаяқтық ұйымының өңірлердегі 13 жетекшісіне 5 жылға шартты түрде жаза тағайындалды.

Тергеу барысында алаяқтардың салымшыларға ай сайын 30 пайызға дейін жоғары табыс береміз деп уәде еткені анықталды. Олар халықтың сеніміне кіру үшін «жеке құрылыс материалдары мен тігін цехымыз, тұрмыстық және медициналық техника шығаратын зауытымыз жұмыс істеп тұр» деген жалған ақпарат таратқан. Шын мәнінде, өнімдер өзге делінген жеткізушілерден дайын күйінде сатып алынып, бетіне «Asar Baspana» логотипі ғана басылып отырған.

2024 жылдың желтоқсанынан бастап салымшылардың күмәні көбейген тұста, ұйымдастырушылар жағдайды сақтап қалу үшін автодүкендер ашылғаны және дилерлермен серіктестік орнатылғаны туралы тағы да өтірік мәлімет таратқан. Ал іс жүзінде азаматтардың ақшасына сатып алынған автокөліктерді өз туыстарының атына рәсімдеп келген.

Жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтеу үшін сот шешімімен 5,6 миллиард теңгеге бағаланған бұғатталған активтер қайтарылатын болды. Тәркіленген мүліктің қалған бөлігі мемлекет кірісіне өтеді.

Cот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.


Бүгін, 12:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.