Атырау, 19 маусым 15:13
 дождьВ Атырау +33.3
$ 487.73
€ 558.99
₽ 6.63

Әлемде

Полиция Сиднейде кепілге алынғандардың бәрін құтқарды Әлемде

Полиция Сиднейде кепілге алынғандардың бәрін құтқарды

Сидней полициясы адамдар кепілге алынған кафеге басып кіріп, тұтқында отырғандардың бәрін түгел босатты, - деп хабарлайды РИА Новости. Оқиға орнында саперлер жұмыс істеп жатыр. 16 желтоқсан 2014, 17:14 1 513 рет қаралды
Лаңкестер Сидней тұрғындарын тұтқынға алып, елдің үрейін туғызды Әлемде

Лаңкестер Сидней тұрғындарын тұтқынға алып, елдің үрейін туғызды

Бақайшағына дейін қаруланған лаңкестік топ Сиднейдің орталығында орналасқан «Lindt» дәмханасын басып алып, ондаған адамды тұтқынға алды. Лаңкестер дәмхананы жарып жібереміз деп қорқытып, Австралия премьер-министрі Тонни Эбботтың олармен байланысқа түсуін талап етіп отыр, деп хабарлайды Bnews.kz. 15 желтоқсан 2014, 09:38 1 467 рет қаралды
Ресейде түрмеден шыққан пефодилдерді спутник арқылы бақылау ұсынылды Әлемде

Ресейде түрмеден шыққан пефодилдерді спутник арқылы бақылау ұсынылды

Ресей Федерация кеңесінің мүшесі Антон Беляков түрмеден шыққан педофилдерді спутник арқылы бақылауды ұсынды, - деп хабарлайды Lenta.ru. Ол сотталғандардың қолына шешілмейтін қондырғы тағуды ұсынады. 15 желтоқсан 2014, 09:26 1 682 рет қаралды
Қытайда сот шешімін орындаудан бас тартқан адамдардың "қара тізімі" шықты Әлемде

Қытайда сот шешімін орындаудан бас тартқан адамдардың "қара тізімі" шықты

Қазіргі уақытта Қытай елінде сенім үдесінен шықпайтын, 700 мыңнан астам адам "қара тізімге" енген екен. Бұл туралы Сот комитетінің мүшесі, Қытай Жоғарғы халықтық сотының атқарушы басқарма басшысы Лю Гуйсян мәлімдеді, - деп хабарлайды "Синьхуа". 15 желтоқсан 2014, 08:59 1 535 рет қаралды
АҚШ сенаты "Украинаны қолдау актісін" мақұлдады Әлемде

АҚШ сенаты "Украинаны қолдау актісін" мақұлдады

АҚШ сенаты Украинаға әскери көмек көрсету және Ресейдің қорғаныс саласындағы кәсіпорындарына салынған санкцияларды күшейту туралы заң жобасын қабылдады. "Украинаның еркіндігін қолдау туралы актіні" Демократиялық партия атынан сенатор Роберт Мендес пен республикашылдар атынан сенатор Боб Коркер дайындаған. 12 желтоқсан 2014, 10:19 1 520 рет қаралды
Instagram әлеуметтік желісі Twitter-ді басып озды Әлемде

Instagram әлеуметтік желісі Twitter-ді басып озды

Instagram әлеуметтік желісін пайдаланушылар саны бір айда 300 миллионнан асып жығылды. Осылайша ол Twitter-ден 16 миллион артық пайдаланушы жинап, өзінен 4 жас үлкен желіні артқа тастады, деп хабарлайды Bnews.kz. 11 желтоқсан 2014, 15:04 2 172 рет қаралды
Литвада мас депутаттарды отырыстан шығарып жіберу ұсынылды Әлемде

Литвада мас депутаттарды отырыстан шығарып жіберу ұсынылды

Литваның Отан-христиан демократтар оппозициялық одағының депутаты Кястутис Масюлис ішімдік ішкен депутаттарды отырыс залынан күн соңына дейін шығару туралы парламент жарғысына енгізілген түзетуді тіркеді. Депутаттардың басым бөлігі өз әріптесін парламент кеңсесі беретін алкотестер арқылы тексеруге шешім қабылдауы мүмкін. Егер депутат тексерістен өтуден бас тартса, онда ол мас болып есептеледі. Бұл депутатқа жұмыс күні үшін ақша төленбейді. 10 желтоқсан 2014, 13:46 1 415 рет қаралды
Өзбекстанның Ресейге қарызын азайтатын келісімге қол қойылады Әлемде

Өзбекстанның Ресейге қарызын азайтатын келісімге қол қойылады

Ресей президенті Владимир Путин ресми сапармен Өзбекстанға барды. Кремльдің хабарлауынша, Путиннің бүгін Ташкентке сапарында сауда, инвестиция және мәдениет саласындағы "стратегиялық әріптестікті" талқылау жоспарланған. 10 желтоқсан 2014, 12:00 1 416 рет қаралды
Интерпол Болгария ұлттық қаупсіздік агенттігінің жоғалып кеткен экс-басшысын іздеуде Әлемде

Интерпол Болгария ұлттық қаупсіздік агенттігінің жоғалып кеткен экс-басшысын іздеуде

Болгария Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік агенттігінің бұрынғы басшысы Петко Сертовке 9 желтоқсанда Интерпол желісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлады ТАСС. 10 желтоқсан 2014, 10:53 1 552 рет қаралды
Қытайда бес қыз баскетбол ойнап жүріп, ажал құшты Әлемде

Қытайда бес қыз баскетбол ойнап жүріп, ажал құшты

Қытайда Хуайбэй қалалық орта мектептерінің бірінің оқушыларының үстіне баскетбол ойыны кезінде спорт алаңын қоршап тұрған қабырға құлап кетті. Оқиға салдарынан бес қыз қаза болып, екеуі жарақаттанды, деп хабарлайды Associated Press. 9 желтоқсан 2014, 16:38 4 112 рет қаралды
Мұнай бағасы 5 жылда болмаған деңгейге арзандады Әлемде

Мұнай бағасы 5 жылда болмаған деңгейге арзандады

Нью-Йорк тауар биржасында WTI маркалы мұнай бағасы төрт пайызға дейін төмендеп, желтоқсанның 8-і күні кешкі саудада бір баррелі 63 доллар 3 цент болды. WTI маркалы мұнай бағасы соңғы бес жылда мұндай деңгейге дейін арзандамаған. Лондондағы саудада Brent маркалы мұнай маркасының баррелі 66 доллар 19 центке дейін төмендеді. 9 желтоқсан 2014, 10:23 1 614 рет қаралды
Беларусь Ресеймен шекарада кедендік бақылау орнатты Әлемде

Беларусь Ресеймен шекарада кедендік бақылау орнатты

Беларусь Ресеймен шекарада кедендік бақылауды қайта орнатты. Кедендік бақылау бекеттері 2011 жылы Ресей, Қазақстан және Беларусь арасында Кеден одағын құру туралы келісімге сай алынып тасталған еді. Ресейдің федералдық кеден қызметінің мәліметінше, бақылау біржақты түрде қалпына келтірген. 9 желтоқсан 2014, 10:21 1 720 рет қаралды
Еуропарламент мүшесі Меркельден "аузын жабуды" сұрады Әлемде

Еуропарламент мүшесі Меркельден "аузын жабуды" сұрады

Еуропа парламентінің депутаты Жан-Люк Меланшон Францияға қатысты сын айтқан Германия канцлері Ангела Меркельге тіл тигізді. "Аузыңызды жабыңыз, Меркель ханым! Франция - азат ел", - деп жазды немістің "Сол майдан" партиясының жетекшісі Twitter-дегі парақшасында. 9 желтоқсан 2014, 09:36 2 156 рет қаралды
Ресей Украинаға бүгін қайта газ жібере бастамақ Әлемде

Ресей Украинаға бүгін қайта газ жібере бастамақ

Украина энергетика министрі Владимир Демчишин бүгін Ресей Украинаға газ беруді қайта бастайтынын мәлімдеді. Демчишин бұл туралы украин телеарнасынеда Киев Ресейдің мемлекеттік "Газпром" компаниясы газ жеткізуі үшін алдын-ала төлем ретінде 378 миллион АҚШ долларын аударғаннан кейін хабарлады. 8 желтоқсан 2014, 14:54 1 384 рет қаралды
Израиль Әскери-әуе күштері Дамаск маңына соққы жасады Әлемде

Израиль Әскери-әуе күштері Дамаск маңына соққы жасады

Израильдің Әскери-әуе күштері Дамаск халықаралық әуежайына жақын маңдағы қару-жарақ қоймасына соққы берді, - деп хабарлайды РИА Новости Сирия әскерінің Бас штабындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап. 8 желтоқсан 2014, 11:02 3 326 рет қаралды
Ресей "Иегова куәгерлері" сайтын экстремистік деп тапты Әлемде

Ресей "Иегова куәгерлері" сайтын экстремистік деп тапты

Ресей жоғарғы соты "Иегова куәгерлері" діни ұйымының веб-сайтын "экстремистік" деп тану туралы шешім шығарды. Тверь облыстық прокуратурасы өткен жылы төменгі сот инстанциясының діни ұйымның вебсайтын экстремистік емес деп таныған сот шешіміне қарсы шағым берген. 5 желтоқсан 2014, 11:35 3 629 рет қаралды
Қытайда туннель опырылып, 20-дан аса жұмысшы үйінді астында қалды Әлемде

Қытайда туннель опырылып, 20-дан аса жұмысшы үйінді астында қалды

5 желтоқсанда Қытайдың шығысындағы Фуцзянь провинциясында жаңа жылдамдықты автомобиль тасжолында құрылысы жүріп жатқан туннель опырылып, 20-дан аса жұмысшы үйінді астында қалды. 5 желтоқсан 2014, 10:35 1 768 рет қаралды