Атырау, 5 қазан 00:18
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

"Оскар" сыйлығының бас жүлдесін "Бердмэн" картинасы жеңіп алды

1 469 просмотра

"Бердмэн" фильмін түсірген Алехандро Гонсалес Иньярриту.Американың киноөнер академиясының "Оскар-2015" жүлдесін "Үздік фильм" аталымы бойынша режиссер Алехандро Гонсалес Иньярритудің "Бердмэн" картинасы жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі жүлденің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Стивен Хокингтің әлемі" фильмінде басты рольде ойнаған ағылшын Эдди Редмэйн үздік актер атанды. Фильм астрофизик Стивен Хокинг пен оның бірінші әйелі Джейннің махаббаты жайлы. Джулианна Мур үздік актриса атанды. Ол "Әлі де Элис" ("Все еще Элис") фильмінде Альцгеймер ауруына шалдыққан Элис Хаулэнд образын сомдап, "Оскар" жүлдесін алуға басты үміткер саналды. Бұл аталымда оған Риз Уизерспун ("Жабайы"), Розамунд Пайк ("Жоғалған"), Фелисити Джонс ("Стивен Хокингтің әлемі") және Марион Котийяр ("Екі күн, бір түн") бәсекелес болды.  

"Бердмэн" фильмін түсірген Алехандро Гонсалес Иньярриту үздік режиссер атанды. Ал "Екінші пландағы үздік актер" аталымында "Құлай берілу" ("Одержимость") фильміндегі ролі үшін Джей Кей Симмонс марапатталды. "Екінші пландағы үздік актриса" аталымында "Бозбала кезең" ("Отрочество") фильмінде ойнаған Патриция Аркетт "Оскар" жүлдесін алды. "Алдамшы ойын" драмасы "Үздік сценарий" аталымында жеңіске жетті. 

Эдвард Сноуденнің "Азамат төрт" ("Гражданин четыре") туындысы үздік деректі фильм деп танылып, "Оскар" жүлдесін алды. Киноакадемия мүшелерінің пікірінше, үздік ән "Сельма" лентасында орындалды. Glory композициясын John Legend пен Common орындады. "Үздік түпнұсқа саундтрек" аталымында "Отель "Гранд Будапешт" фильміндегі Александр Деплдың әні үздік шықты. 

"Қаһармандар қаласы" (Big Hero 6) мультфильмі "Үздік толықметражды мультипликациялық фильм" аталымында "Оскар" жүлдесін жеңіп алды. АҚШ киноакадемиясының таңдауы бойынша жылдың үздік мультфильмі аталымында "Айдаһарды қалай қолға үйрету керек-2" (How to Train Your Dragon 2), "Құбыжықтар жанұясы" (The Boxtrolls), "Теңіз әні" (Song of the Sea) және "Кагуя ханшайым аңызы" (The Tale of the Princess Kaguya) туындылары күрескен болатын.

"Оскар" жүлдесін алған барлық жеңімпазды мына жерден білуге болады. Оскар" жүлдесінің 87-марапаттау рәсімі Лос-Анджелесте өтті.

Дереккөз: tengrinews.kz

23 ақпан 2015, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.