Атырау, 25 қараша 12:46
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кипр Ресейге қатысты санкцияларға қарсылық білдірді

2 006 просмотра

Кипр Ресейге қатысты санкцияларға қарсы, - деп хабарлайдыLenta.ru "ТАСС" агенттігіне сілтеме жасап. Кипрдің президенті Никос Анастасиадис Мәскеуге барған ресми сапары барысында агенттікке берген сұхбатында санкцияларға қатысты сын айтты.

Анастасиадистің айтуынша, санкцияны салушылар көздеген нәтижелеріне қол жеткізген жоқ.

"Еуроодаққа мүше болғалы бері Кипр Ресей Федерациясын маңызды стратегиялық серіктес ел деп есептейтін және әрі қарай да солай есептейтін елдердің тобына кірді", - дейді ол.

Оның айтуынша, Кипр мен Ресей тығыз байланысты. "Бұл қарым-қатынаспен біздің экономика және біздің қорғаныс байланысты. Біз Ресейден несиелеу жеңілдігін алдық, Кипрде мыңдаған ресейлік фирма біздің елді инвестициялап отыр. Бізде 30 мың ресейлік тұрады. Туризм де сіздердің отандастарыңыздың арқасында едәуір дамыды. Сондықтан бұл санкциялар тек Ресейге ғана емес, Кипрге, Австрияға, Испанияға және бүкіл Еуропаға кері әсер етіп отыр", - деді Анастасиадис.

Анастасиадистің сөзіне қарағанда, Кипр көптеген еуропалық елдердің экономикасындағы ахуалды қиындатып, Украина халқының келешегі үшін ешқандай пайда әкелмеген санкциялардың мақсаты туралы сұрақты Еуропалық одаққа ашық түрде қойып отыр.

"Еуропалық одаққа мүше елдердің көпшілігінде санкциялардың мүмкіндік туғызудың орнына, еуропалық елдер мен халықтарға керісінше әсер етіп жатқаны туралы пікірлер күшейіп келеді. Кипр - шағын мемлекет және бізде алпауыт елдердің позициясына ықпал ететін мүмкіндік жоқ, бірақ біз осылайша аз болса да санкцияның зардабын азайтып, жұмсартқымыз келеді", - деп мойындады Кипр президенті Никос Анастасиадис.

Еске сала кетейік, бұған дейін Канаданың Ресейге қарсы жаңа санкцияларды енгізгені туралы хабарланған болатын. 18 ақпанда Канаданың премьер-министрі Стивен Харпер Ресей мен Украинаның 37 азаматының елден шығуына тыйым салу туралы экономикалық санкциялар мен 17 ресейлік және украиналық компанияға қатысты экономикалық санкциялардың енгізелгені туралы мәлімдемені жариялады. Ресейге қарсы жаңа санкциялар Украинадағы соңғы апталардағы сарбаздардың әрекеттеріне жауап ретінде енгізілген.

Дереккөз: tengrinews.kz

24 ақпан 2015, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.