Атырау, 25 қараша 12:40
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанның бұрынғы азаматшасы Польша президенттігіне дауысқа түспекші

1 795 просмотра

Балли Мажец. Фото Twitter.com парақшасымен алынды. Балли Мажец. Фото Twitter.com парақшасымен алынды. Алматы. 25 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанның бұрынғы азаматшасы Балли Мажец Польша президенттігіне дауысқа түспекші, деп хабарлады польшаның NaTemat интернет-порталы.

«Мен президенттікке дауысқа түсіп жатқандардың басқаларынан нашармын деп ойламаймын. Көптеген жылдар мен посткеңестік елдердегі адам құқықтары мен демократиялық қайта жаңғыру саласында жұмыс атқарып келемін, мен қоғам қайраткерімін, адам құқықтарын қорғаушымын. Мен бұл тәжірибені Польша игілігіне қолдануға болады деп есептеймін. Польша 1989 жылы алған бостандықтары мәңгіге берілмейді. Азаматтық бостандықтар мен құқықтар үшін күн сайын күресу керек, себебі бұл жерде көптеген қиянатшылдық бар», - деді Б.Мажец басылымға берген сұхбатында.

Бұл ретте ол оның діни сенім-нанымы сайлаудағы жеңіске деген үмітін азайтпайды деп атап кетті.

«Мен бұл жерде көптеген жылдан бері тұрып келемін, және мен поляктарды білемін. Менде менің дініме байланысты ешқандай проблема болған емес. Мен мұсылманмын және Польша азаматымын, тапанша асылып жүрген терроршы емеспін. Менің өзім жазықсыз адамдарды өлтіретін исламшыл терроршылардан қорқамын. Оны көп адам исламмен шатастыратыны үшін мен ұяламын. Мен, менің дінімнің сайлауда ешқандай роль атқармайтынына сенімдімін», - деп түсіндірді Б.Мажец.

Оның айтуынша, егер Польшаның президенті мұсылман әйел болатын болса, ол ислам мемлекеттерімен қарым-қатынасты нығайтады.

«Әлемде миллиардтан астам мұсылман бар. Егер мұсылман әйел президент болатын болса, ол ең алдымен елдің беделіне ықпал етеді. Польша төзімділік пен саналуандықтың елі ретінде танылады», - деді Б.Мажец.

Б.Мажец мәлім еткендей, сайлауда ол жеңетін болса, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғап және Польшаны Батыс пен посткеңестік елдер арасындағы бітістіруші-делдал етпекші.

«Президент лауазымында мен Польшаның Батыс пен бұрынғы Кеңестер Одағының арасындағы нағыз ара ағайын болуына тырысар едім. Поляктардың голландиялықтар және француздарға қарағанда шығыс көршілерімен ортақ нәрселері көп қой... Президент дегеніміз бостандықтың кепілі, демократияның қорғаушысы, қарапайым адамдардың үні. Мен халықты тыңдайтын президент болған болар едім», - деп мәлім етті ол.

Басылым мәліметтерінше, президенттік сайлауға қатысуы үшін Б.Мажец 100 мың қол жинауы тиісті.

Дереккөз: ҚазТАГ

25 ақпан 2015, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.