
Балқаш қаласында 280 орындық жаңа балабақшаның құрылысы басталды.
Алғашқы тас қалау рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі қатысты.

Жоба Қарағанды облысының әкімдігі мен «Қазақмыс» компаниясы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында жүзеге асырылып жатыр.
Құрылыс құны — 3,7 млрд теңге.

Үш қабатты балабақшаның жалпы аумағы 4,8 мың шаршы метрден асады, ал жер телімінің көлемі 3,6 гектарды құрайды. Жоба аясында аумақты абаттандыру және балаларға арналған заманауи инфрақұрылым салу қарастырылған.
Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа балабақша өсіп келе жатқан Балқаш үшін маңызды әлеуметтік нысан әрі қала болашағына салынған инвестиция екенін атап өтті.
«Қазақмыс» өкілдерінің айтуынша, бұл жоба Балқаш өңірінде жүзеге асырылып жатқан ауқымды әлеуметтік бастамалардың бір бөлігі.
Сонымен қатар Торанғалық және Шұбартүбек ауылдарында медициналық пункттер, су спорты түрлеріне арналған база және Торанғалықта балалар лагері салынбақ.
В Атырау +20.7