Советтік басқыншылық күніне арналған көрмеде тұрған Тбилиси тұрғыны. 25 ақпан 2015 жыл.Грузияда бүгін советтік басқыншылық күніне орай мемлекеттік мекемелер мен алаңдардағы тулар төмен түсірілді.
Таңертеңнен бері Грузия астанасы Тбилисиде жұртшылық юнкерлерге (1918 жылдардағы грузин әскерилері) арналған ескерткішге гүл шоқтарын әкеліп қойып жатыр.
1921 жылы ақпанның 25-і күні 11-Қызыл армия әскері Тбилисиге басып кіріп, қарсылық білдірген грузин юнкерлері мен ерікті отряд мүшелерінің көбін өлтірген еді. Осы күні Грузияда советтік билік орнаған.
Грузия 1991 жылы СССР құлағаннан кейін тәуелсіздігін алды. 2010 жылы ел парламенті ақпанның 25-ін советтік басқыншылық күні деп жариялаған.
Дереккөз: Азаттық радиосы