Атырау, 25 қараша 12:00
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

HSBC банкінің басшысы дау-жанжалдың ортасында қалды

1 546 просмотра
«Ірі қаржылық заң бұзушылықтар жасады деген айыптаулардан кейін банкті реформалауға уәде берген HSBC атқарушы директоры Шон Гулливер дау-жанжалдың ортасында қалды, деп хабарлайды ВВС. 

Guardian газеті банк басшысын құпия есепшотта бірнеше миллион доллар сақтап отыр деп айыптады.

Құпия файлдардың жария болуы нәтижесінде алынған мәліметтерге сүйенсек, HSBC директоры Панамада тіркелген компания арқылы банктің Швейцариядағы филиалына ірі сомада ақша аударып отырған.

HSBC-тің дәл осы швейцариялық филиалы әлем бойынша мыңдаған клиенттерге қашуға немесе жарым-жартылай салықтан жалтаруға көмектесті деген күдік бар. Тергеу әлі де жалғасуда.

Гулливер болса өзіне тағылған айыптаулардың барлығын жоққа шығарып отыр. Оның өкілі ақшаның адал еңбекпен келгенін және есепшотқа 2003 жылға дейін аударылғанын, ал HSBC филиалына тағылып отырған айыптаулар 2005-2007 жылдарға жататынын атап өтті.

Бүгін Шон Гулливер банк жұмысы туралы жыл сайынғы есепті жұрт алдында таныстыруы қажет.

Дереккөз: bnews.kz

 

23 ақпан 2015, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.