Атырау, 5 қазан 00:19
 ашықВ Атырау +17
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Польшаның «Ида» фильмі «Оскар» жүлдесін алды

2 414 просмотра

Польшаның «Ида» фильмі АҚШ кино өнері академиясының бас жүлдесі - «Оскар» сыйлығын «шетел тіліндегі ең үздік фильм» номинациясы бойынша жеңіп алды.

Режиссер Павел Павликовски түсірген фильмде 1960 жылдары діни қызметке қабылданар алдында өзінің тегі еврей екенін білген Ида есімді қыздың оқиғасы суреттелген.

«Ида» - АҚШ-тың «Оскар» жүлдесін жеңіп алған алғашқы поляк фильмі болып отыр.

«Шетел тіліндегі ең үздік фильм» номинациясына үміткер картиналар арасында ресейлік «Левиафан» фильмі де болған. Бұл фильмде Ресейдегі билік пен коррупция, ешкіммен санаспайтын дөрекі билікке қарсы шыққан дәрменсіз адамның күресі бейнеленген.

Дереккөз: azattyq.org

23 ақпан 2015, 12:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.