Таиланд билігі суррогат тәсілін шектейтін заң енгізді. Құжатты ел парламенті үш ай бұрын мақұлдаған, деп хабарлайды BBC.
Заң суррогат тәсілінің барлық түрлеріне тыйым салмайды, дегенмен клиенттерді тарту үшін агенттер немесе жарнамалық акциялар қызметтеріне тыйым салады.
Өткен жылы елде шетелдік клиенттер үшін сәби көтерген ондаған әйел тіркелген болатын.
Былтырғы жылғы жазда австралиялық ерлі-зайыпты тайландық суррогат ана босанған баладан Даун синдромы анықталғаннан кейін бас тартқан еді.
Бұл оқиға биліктің назарын елде суррогат тәсілінің таралуына аудартты.
Дереккөз: bnews.kz