
Ең ауыр жазаға кесілген 50 жастағы америкалық Криста Пайк сәтсіз аяқталған өлім жазасынан кейін есін жиды. Әйел екі бірдей өлім инъекциясын алғаннан аман қалып, қазір сөйлей де алады, деп хабарлайды DW.
Пайктың қорғаушылары оның ауруханада ауыр жағдайда жатқанын хабарлады. Дәрігерлердің болжамы әлі белгісіз, алайда оны ұзақ оңалту кезеңі күтіп тұр. Бұл ретте сотталған әйелді тіпті палатаның өзінде бұғаулап, кісендеулі күйде ұстап отыр.
Процедура кезінде әйел ауыр күйік алып, қолдары зақымданған. Адвокаттар орын алған оқиғаны АҚШ тарихында өлім жазасына кесілген адамның өлім инъекциясынан аман қалуының алғашқы жағдайы деп атауда.
Неден қате кетті?
Медицина сарапшыларының нұсқасы бойынша, сәтсіздікке тамырішілік катетерлердің дұрыс қойылмауы себеп болған. Дәрігерлер түрме қызметкерлеріне алдын ала ескерткен жіңішке тамырлар мен қан патологиясына байланысты тамырлар жарылып, препарат (пентобарбитал) қанға түспей, тіндерге жиналып қалған.
«Өлім жазасын орындаған топ мүшелерінің ешқайсысы тамырішілік катетерлердің дұрыс орнатылмағанын түсінбеген сияқты», — деді Пайктың адвокаттары сотта.
Өлім жазасына мораторий және қорғау тарапының талаптары
Оқиғадан кейін Теннесси штатының губернаторы Билл Ли тәуелсіз тергеу жүргізуді тапсырды және штаттағы барлық өлім үкімдерін орындауды 2027 жылға дейін кейінге қалдырды.
Криста Пайктың қорғаушылары биліктің қатыгез жазаларға салынған конституциялық тыйымды бұзғанын дәлелдеуге ниетті және губернаторға өлім жазасын өмір бойына бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы өтінішпен қайта жүгінді.
Криста Пайк 18 жасында жасаған 19 жасар бойжеткенді қатыгездікпен өтіргені үшін 1995 жылдан бері қамауда отыр. Ол өз кінәсін жоққа шығарған жоқ, бірақ адвокаттар қорғауындағы адамның балалық шақтағы ауыр жарақаттары мен психикалық ауытқуларына сүйене отырып, жылдар бойы үкімді жеңілдетуге тырысып келді.
В Атырау +20.7