Атырау, 25 қараша 11:54
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Петр Порошенко тұтқындардың бәрін дереу босатуды талап етті

2 303 просмотра

Украина президенті Петр Порошенко Франция, Германия, Ресей басшыларымен "норманд форматында" телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі украин көшбасшысы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Порошенко үш елдің басшыcына Дебальцевода болған оқиғаның Минск келісіміне сәйкес жасалғандай сыңай танытпауға шақырды. Сонымен қатар, ол келісімнің алдағы уақытта бұзу әрекеттері болса, кепілдіктерді нақтылап жасау керектігін мәлімдеді.  

Мемлекет басшылары ЕҚЫҰ Арнайы бақылау миссиясы өкілдерінің толықтай қатысуына, бақылап, анықтау ісіне олардың атыс болған Донецк әуежайы, Горловка, Первомайск, Широкино және тағы басқа жерлерге баруға мүмкіндігі болуына келісті. Баспасөз қызметінің таратқан ақпаратында оқ ату бәріне ортақ жағдайда тоқтатылғаннан кейін техниканың ЕҚЫҰ бақылауы аймағына жеткізілуі тиіс екендігі жазылған. Тексеру және бақылау жөніндегі орталық ауыр техниканың, артиллерияның және зымыран жүйесін әкетудің жоспарын дайындауды бастау керек екені туралы мәлімдеме жасалды. Петр Порошенко барлық тұтқынды, оның ішінде Дебальцево ауданында тұтқынға түскендерді босатуды талап етті.

Тараптар осы аптада бұл мақсаттарды орындау жөніндегі сыртқы істер министрлері деңгейіндегі іс-әрекетті үйлестіруге уағдаласты. Украина жағы бұл дискуссияларға бітімгерлерді тікелей қатынас желісінен де, Украина мен Ресей шекараларының мемлекетаралық желіден де тарту мәселесінің қосылуын талап етті. Еске сала кетейік, Минск келіссөздері 12 ақпан күні аяқталды. Оған Петр Порошенко, Владимир Путин, Франсуа Олланд, Ангела Меркель және ДХР басшысы Александр Захарченко мен ЛХР басшысы Игорь Плотницкий қатысты. Келіссөздер қорытынды декларациямен аяқталды, онда 15 ақпанан бастап атысты тоқтату, артиллерия жүйесін кем дегенде 50 шақырымнан алысқа алып кету, ені 70 шақырым болатын буфер аймағын құру, кепілге алынғандарды "бәрін бәрі үшін" схемасы бойынша алмасып, босату қарастырылды. 18 ақпан күні Петр Порошенко Украина Қарулы Күштерінің негізгі бөлігі шығарылғанын мәлімдеді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

19 ақпан 2015, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.