"Ислам мемлекеті" содырлары Ирактағы америкалық қарулардың қоймасын жаулап алды, - деп хабарлайды Newsru.co.il.
Жаулап алынған қойма Бағдадтың солтүстік-батысындағы Анбар ауданында орналасқан. Содырлар ондаған дана ірі калибрлік пулемет пен винтовканы иемденді. Басылым тәуелсіз дереккөздердің қойманың басып алынғанын әзірше растамай отырғанын жазады.
Лондондағы Conflict Armament Research зерттеу институты жариялаған ескепке қарағанда, "Ислам мемлекеті" америкалық қару-жарақ пен әскери жабдықтардың көп бөлігін алған. Бұл қару-жарақтың көбін содырлар бірнеше ай бұрын Ирак армиясын жеңгеннен кейін иемденіпті. Мұнымен қатар, содырлар Сирия оппозициясының бөлімшелерімен болған атыс кезінде қару-жарақ арсеналын қолға түсірген.
Еске сала кетейік, "Ислам мемлекеті" Ирак пен Сирия территориясының көп бөлігін жаулап алды. Орталық барлау басқармасының мәліметінше, 30 мыңға жеткен содырлар тобы жаулап алынған жерлерде халифат жариялап, аумағын кеңейтуге тырысып жатыр."Ислам мемлекеті" тобы Сирияда үкіметтік жасақтарға қарсы соғысса, Иракта жергілікті әскерилер мен күрд халық жасақтары арасындағы соғысқа араласады. Қарулы қақтығыстарда бірнеше мың бейбіт тұрғын қаза болып, жүздеген адам босқын болды және бірнеше мың адам кепілге алынды.
Дереккөз: tengrinews.kz