Нигерияда жеті жасар лаңкес қыз өзін-өзі жазып жіберді, оның салдарынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды AFP. Тағы 19 адам жарақат алды.
Жарылыс елдің солтүстік-шығысындағы Потискум қаласында базарлардың бірінде болды. Әзірше Нигерияның бір де бір лаңкес тобы бұл террорлық әрекетті өз жауапкершілігіне алмады. Жарылысты "Боко Харам" радикал тобы ұйымдастырды деген болжам бар.
Бұл оқиға Нигерияда балалардың қатысуымен болған бірінші лаңкестік емес. 11 қаңтарда 10 жастағы қыз бала Нигерияның ірі қаласы Майдугури қаласындағы базарда өзін-өзі жарып жіберген болатын. Оның салдарынан 19 адам қаза тауып, тағы 20-сы жарақат алды. Сол күні Потискум қаласындағы базарда тағы да екі қыз (оның бірі 15 жаста) өздерін жарып, алты адам қаза тапты және 37 азамат жарақат алды.
"Боко Харам" Нигерияның солтүстігінде белсенді, сонымен қатар, олар көрші елдер Камерун, Нигер және Чадта да лаңкестіктерді ұйымдастырып жүр. Ұйым Нигерияның территориясында шариғат заңын енгізуге және батыс өмір салтынан бас тартуға тырысып жатыр. Құқыққорғаушылардың мәліметінше, "Боко Харам" содырлары бірнеше мың адамның өмірін қиған.
Дереккөз: tengrinews.kz