Атырау, 25 желтоқсан 15:06
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Барлық жаңалық

Президент тұрғын үй құрылысы бағдарламасын кері қайтарды   Қазақстанда

Президент тұрғын үй құрылысы бағдарламасын кері қайтарды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын қайта пысықтауды тапсырды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 29 қараша 2016, 10:07 2 056 рет қаралды
Алматы облысы: Есіктегі "топ болып зорлау" ісі бойынша сот үкімі шықты Қазақстанда

Алматы облысы: Есіктегі "топ болып зорлау" ісі бойынша сот үкімі шықты

Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ аудандық сотында бүгін тұрғын Жібек Мусинованы топ болып зорлау ісіне қатысты сот үкімі жарияланды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Сот бұл іске қатысты төрт адамды қылмыстық кодекстің "Адам зорлау", "Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері", "Адам ұрлау" және "Бұзақылық" баптары бойынша айыпты деп тапты. Айыпталушылар Асхат Бектұрсын - 10 жыл, Елтай Нұрбол - 9 жыл, Алмас Ермеков - 9 жыл алты ай, Ербол Ермеков 8 жылға сотталды. Сот іс материалы бойынша салонында зорлық қылмысы іске асты делінген көлікті тәркілеуге қаулы шығарды,- деп хабарлады Азаттық. 28 қараша 2016, 16:20 3 034 рет қаралды
Қуаныш Сұлтанов: Әлеуметтiк желiдегi сын көңiлiме тиедi  Қазақстанда

Қуаныш Сұлтанов: Әлеуметтiк желiдегi сын көңiлiме тиедi

Астана атауын өзгертуге қатысты әлеуметтiк желiде айтылып жатқан сыни пiкiрлер Мәжiлiс депутаты Қуаныш Сұлтановтың көңiлiне тиедi екен. Оның айтуынша, ұсыныс-пiкiрдi сынауға болады, бiрақ жеке басқа тиiсуге болмайды, деп xабарлайды Baq.kz. 28 қараша 2016, 14:29 2 283 рет қаралды
НКВД жендеттерінің ұрпақтары чекистер туралы мәліметтерді жабуды талап етеді Әлемде

НКВД жендеттерінің ұрпақтары чекистер туралы мәліметтерді жабуды талап етеді

1930 жылдардағы НКВД қызметкерлерінің ұрпақтары үкіметтен таяуда жарияланған Иосиф Сталиннің тұсындағы "Үлкен террор" - саяси қуғын-сүргінді іске асырған 40 мыңға тарта жендеттің аты-жөні мен олар туралы мәліметтерді жабуды сұрады,- деп хабарлады Азаттық. 28 қараша 2016, 14:24 2 274 рет қаралды
Алматыда БАҚ туралы заңға өзгерістерді талқылады Қазақстанда

Алматыда БАҚ туралы заңға өзгерістерді талқылады

Алматыда бүгін ақпарат және коммуникация мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына қатысты қоғамдық тыңдау басталды. Тыңдау "Әділсөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымының бастамасымен өтіп жатыр. Жиынға ақпарат және коммуникация министрлігінің өкілі Бекзат Рахымов қатысып жатыр,- деп хабарлады Азаттық. 28 қараша 2016, 14:12 2 656 рет қаралды
Боқаев пен Аянов 5 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын алды «Жер митингілері» туралы іс

Боқаев пен Аянов 5 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын алды

28 қарашада Атырауда «жер митингісі» туралы іс бойынша сот процесінде Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты үкім жарияланды. Олардың екеуі де 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Сурет Бейнежазба 28 қараша 2016, 11:07 11 577 рет қаралды
АХАТ-қа тіркеу мерзімі күшейтілді Басқа жаңалықтар

АХАТ-қа тіркеу мерзімі күшейтілді

Жаңа ереже бойынша баланың туылғаны туралы өтінішті бала дүниеге келген күннен бастап үш жұмыс күнінен қалдырмай беру керек. Бұдан бұрын ол екі ай мерзімді құрайтын. Бұл туралы құрамына азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі (АХАТ) кіретін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегілер хабарлады. 28 қараша 2016, 12:42 4 404 рет қаралды
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды Қазақстанда

Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланды

"Қайрат" пен КСРО құрамасының бұрынғы қорғаушысы Сейілда Байшақов ҚФФ кезектен тыс XIV конференциясында Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 28 қараша 2016, 12:09 2 157 рет қаралды
Несиелер де, көтермеақылар да қызықтырмай отыр Басқа жаңалықтар

Несиелер де, көтермеақылар да қызықтырмай отыр

11 ай ішінде бюджет қаржыларын игеру 98,5% құрады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғайша ӘБЕЖАН хабарлады. 28 қараша 2016, 12:00 3 235 рет қаралды
Навканың Холокост тақырыбында мәнерлеп сырғанау биі сынға ұшырады Әлемде

Навканың Холокост тақырыбында мәнерлеп сырғанау биі сынға ұшырады

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің әйелі, мәнерлеп сырғанаушы Татьяна Навка холокост тақырыбында өнер көрсеткені үшін сынға ұшырады,- деп хабарлады Азаттық. 28 қараша 2016, 10:28 1 621 рет қаралды
Трамп Клинтонның дауысты қайта санауды қолдағанына "ренжулі" Әлемде

Трамп Клинтонның дауысты қайта санауды қолдағанына "ренжулі"

АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамп қарашаның басындағы президент сайлауында бәсекелес болған Хиллари Клинтонның басты үш штаттағы дауыстарды қайта санауды қолдау туралы шешіміне "ренжулі" екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter-дегі аккаунтында жазды. Бұған дейін демократтар кандидаты Клинтонның штабы Висконсин штатындағы бюллетенді қайта санауды қолдайтынын мәлімдеген,- деп хабарлайды Азаттық. 28 қараша 2016, 09:53 1 928 рет қаралды
Елбасы: Қазақстан халқы команданте Фидель Кастроны тарихи тұлға ретінде есінде сақтайды Қазақстанда

Елбасы: Қазақстан халқы команданте Фидель Кастроны тарихи тұлға ретінде есінде сақтайды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Фидель Кастроның қайтыс болуына байланысты Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Модесто Кастро Русқа көңіл айту жеделхатын жолдады,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 28 қараша 2016, 09:45 1 995 рет қаралды
Фидель Кастроның қарындасы ағасымен қоштасу рәсіміне бармайды Әлемде

Фидель Кастроның қарындасы ағасымен қоштасу рәсіміне бармайды

Фидель Кастроның қарындасы, соңғы 50 жылдан астам уақыт АҚШ-та тұрып жатқан Хуанита Кастро Кубаға ағасымен қоштасу рәсіміне бармайды деп хабарлады Miami Herald газеті. 83 жастағы әйел ағасының қазасына қынжылатынын айтқан, бірақ әлі күнге дейін «Кубаның бұрынғы жетекшісінің диктатурасына» қарсы екенін білдірген. Сонымен бірге сол үшін «жан күйзелісі мен оқшаулауға» тап болғанына қарамастан елден қуылғалы бері өз ұстанымын өзгертпегенін айтқан. 28 қараша 2016, 09:43 1 869 рет қаралды
Елбасы: «Астана - бұл бренд. Елорданың атын ауыстыру қажет емес» Қазақстанда

Елбасы: «Астана - бұл бренд. Елорданың атын ауыстыру қажет емес»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» арнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында Мемлекет басшысы Астананың атауын ауыстыруға байланысты пікірін айтып өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бейнежазба 25 қараша 2016, 15:31 6 084 рет қаралды
Әлеуметтік желідегі сурет үшін әйелін өлтіре жаздады Оқиға

Әлеуметтік желідегі сурет үшін әйелін өлтіре жаздады

Атырау қаласы прокурорының орынбасары Айбек ҚАНАТБЕКОВТЫҢ айтуынша, осы жылдың мамыр айында Атырау қаласының К. есімді азаматы әйелінің VKontakte әлеуметтік желісіндегі парақшасынан бейтаныс ер адамның жанында тұрған суретін көріп қалады. Мәселенің байыбына бармастан, қызғанышпен әйелін соққыға жығып, асхана пышағымен ауыр дәрежеде дене жарақатын салады. 25 қараша 2016, 14:42 2 475 рет қаралды
Янукович видеоконференция арқылы сотта жауап береді Әлемде

Янукович видеоконференция арқылы сотта жауап береді

Украинаның бұрынғы президенті Виктор Янукович 25 қараша күні Киевте Майдан демонстрациясына қатысты өтіп жатқан сотта жауап береді. Янукович Ресейдің Ростов облыстық сотының залынан видеоконференция арқылы байланысқа шығады,- деп хабарлады Азаттық. 25 қараша 2016, 14:35 1 730 рет қаралды
Қазақстан ауыр атлетика құрамасының бас бапкері отставкаға кетті Қазақстанда

Қазақстан ауыр атлетика құрамасының бас бапкері отставкаға кетті

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни отставкаға кетті. Бұл туралы бүгін, 25 қарашада Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. 25 қараша 2016, 14:30 2 615 рет қаралды