Атырау, 22 желтоқсан 14:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Елбасы: Қазақстан халқы команданте Фидель Кастроны тарихи тұлға ретінде есінде сақтайды

1 993 рет қаралды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Фидель Кастроның қайтыс болуына байланысты Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Модесто Кастро Русқа көңіл айту жеделхатын жолдады,- деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Қазақстан Президенті Куба революциясы көшбасшысының дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

«Қазақстан халқы команданте Фидель Кастроны парасатты басшы, беделді саясаткер және екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде есінде сақтайтын болады», – делінген көңіл айту жеделхатында.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан достас Куба Республикасының халқына көңіл айтты.

Естеріңізге салсақ, 90 жастағы Фидель Кастро қарашаның 25-і күні Гаванада дүние салды. Кубада тоғыз күн аза тұту жарияланды. Желтоқсанның 4-і күні марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтеді деп хабарланған.

Дереккөз: Аkorda.kz


28 қараша 2016, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.