
Стамбул полициясы «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына қатысы бар деген күдікпен 115 адамды ұстады. Бас прокуратураның мәліметінше, олар Рождество мен Жаңа жыл мерекелерінде теракт ұйымдастыруды жоспарлаған, деп хабарлайды ТАСС.
Терроризмге қарсы басқарма жүргізген ауқымды рейд барысында провинция аумағындағы 124 мекенжайда бір мезгілде тінту жасалды. Нәтижесінде қару-жарақ, оқ-дәрілер және ұйымға қатысты көптеген құжаттар тәркіленді.
Прокуратураның хабарлауынша, тергеу кезінде 137 күдіктінің қақтығыс аймақтарымен байланысы бар екені анықталған. Олардың кейбіріне терроризм айыбы бойынша ұлттық және халықаралық деңгейде қамауға алу ордері берілген.
Операция әлі жалғасуда, ұстала қоймаған күдіктілерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
В Атырау -10