Атырау, 19 мамыр 04:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қуаныш Сұлтанов: Әлеуметтiк желiдегi сын көңiлiме тиедi

2 143 просмотра

Фото: kazpravda.kz

Астана атауын өзгертуге қатысты әлеуметтiк желiде айтылып жатқан сыни пiкiрлер Мәжiлiс депутаты Қуаныш Сұлтановтың көңiлiне тиедi екен. Оның айтуынша, ұсыныс-пiкiрдi сынауға болады, бiрақ жеке басқа тиiсуге болмайды, деп xабарлайды Baq.kz.

«Президент қалай қабылдауы керек едi? Мен осылай болуы мүмкiн екендiгiн бiлдiм... Өте байсалды, дұрыс қабылдады», - дедi Қуаныш Сұлтанов журналистердiң сұрағына жауап бере отырып.

Депутат осы күндерi әлеуметтiк желiде айтылып жатқан сынның көңiлiне тиетiнiн жасырмады.

«Бұл әркiмнiң құқығы. Бiрақ саяси мәдениет болуы керек. Пiкiрдi сынауға болады, бiрақ жеке басқа тиiсуге болмайды. Қандай да бiр идея, ұсыныс үшiн адамдарға тiл тигiзген жөн емес. Оның пiкiрiмен келiспей-ақ қойыңыз, бiрақ адамды бiлмей тұрып, ол туралы неше түрлi айтуға болмайды. Бұл бiзде саяси мәдениет жеткiлiксiз екенiн көрсетедi», - дейдi ол.

Айта кетейiк, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астананың атауын өзгертудің қажеті жоқ екенін айтты.

«Бәрі Астананы біледі. Бұл – бренд. Сондықтан оның атауын өзгертудің қажеті жоқ. Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының XXI ғасырдағы алғашқы саммиті өтті. Қысқы Азия ойындарын өткіздік. Енді ЭКСПО-2017 көрмесі өтеді. Осының бәрін Қазақстанмен байланыстырады, бірақ бүкіл жерде Астана деп айтады. Оның атауын өзгертудің қажеті қанша?» - деді Елбасы.

Дереккөз: Baq.kz

28 қараша 2016, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.