Атырау, 19 мамыр 08:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматыда БАҚ туралы заңға өзгерістерді талқылады

2 436 просмотра

Алматыда бүгін ақпарат және коммуникация мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасына қатысты қоғамдық тыңдау басталды. Тыңдау "Әділсөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымының бастамасымен өтіп жатыр. Жиынға ақпарат және коммуникация министрлігінің өкілі Бекзат Рахымов қатысып жатыр,- деп хабарлады Азаттық.

Тыңдауда ендігі бірнеше мәселе айқындалып қалды. Мысалы, БАҚ-тың өзінің жарияланым мерзімі туралы міндетті түрде хабарлап отыру жауапкершілігі мәселесі көтерілді. Талқылауға қатысып жатқан аймақтық БАҚ өкілдері жарияланым мерзімдерін қате көрсеткен жағдайда көрілетін әкімшілік жауапкершілікті жоюға шақырды. Бұл мәселені Оралдағы "Регион Евразия" газетінің иесі әрі бас редакторы Жанар Дәулетова да көтерді.

Министрлік өкілі Бекзат Рахымовтың айтуына қарағанда, ведомство онсыз да БАҚ өкілдеріне жеңілдік жасап, бұған дейінгі жарияланым мерзімі туралы қате ақпар берген жағдайда газеттің басылып шығуын уақытша тоқтату туралы жауапкершілікті жойған. Бірақ бұл заң бұзушылық үшін айыппұл түрінде жауапкершілікке тарту күшінде қалған. Рахымов министрлік бақылау жүргізу қажет болғандықтан жарияланым мерзімін қате бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту нормасынан толық бас тарта алмайтынын айтты. Оның сөзінше, мұндай әкімшілік жауапқа тарту - цензура емес.

Аймақтық БАҚ өкілдері экономикалық жағдайға сілтеп, жарияланым мерзімі үшін көрілетін әкімшілік жауапкершілікті жоюды талап сұрады.

Қарашаның басында ақпарат және коммуникация министрлігі ресми сайтында ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын жариялаған. Бұл заң жобасының концепциясы қыркүйекте электрондық үкімет сайтында жарияланған еді. Жобаның кейбір тұстарына, әсіресе дербес мәліметтерге қатысты ұсыныстарына журналистер мен құқық қорғаушылар қарсылық білдірген.

Жобада журналистерді ақпараттың шынайылығын тексеріп, жеке басына қатысты мәліметтері жарияланатын адамнан немесе өкілінен оның жеке бас мәліметтерін жариялауға рұқсат алуға міндеттеу қарастырылған. Құжат бойынша, жеке адамның ресми және ақпараттық хабарламаларда келтірілген мәліметтерін жариялауға шектеу қойылмайды.

Дереккөз: Аzattyq.org

28 қараша 2016, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.