Атырау, 28 қараша 04:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«ІІБ-9» ісі: бап «жеңілдей түсті»

3 322 просмотра

Кісі өлтіруші бұрынғы полицей Манарбек ӨТЕУОВТІҢ арызын тергеу барысында ұсталған екі полицейге қатысты тағы да бұлтартпау шарасы өзгеріп, олар қамаудан босатылды.

Естеріңізге салсақ, Бас прокуратура ғаламторда жарияланған Атырау қалалық ІІБ полиция лейтенанты Өтеуовтің әшкере хаты бойынша тергеу амалдарын жалғастыруда. Өтеуовті биылғы жылдың мамырында Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Өзбекстан азаматын аяусыз өлтіргені үшін 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен болатын. Осы хаттың ізімен ҚІІБ полицейлер тобына айыптар тағылды. Осы тоғыз адам бүгінгі күні сотталушылар орындығында отыр. Өтеуов атаған адамдардың ішінде тағы екі полицейге қатысты жеке өндіріс белгіленді. Оларға ҚР ҚК-нің 308-бабының 4-тармағының «в» тармақшасы («Өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану») (ескі редакцияда) бойынша айыптар тағылды.

Атап айтқанда, «Армада » мейрамхана кешеніне жасалған «полицей шабуылы» тергелуде. 2013 жылдың қазанында қаумалап ұстау нәтижесінде кешен қызметкерлері мен кешенге келуші бірнеше адам қамауға алынған болатын. Рейдке шығу нәтижесінде мейрамхананың сегіз қызметкеріне қатысты ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қасақана бағынбағаны үшін бес тәулікке қамауға алу туралы сот қаулысы шықты.

Күдіктілердің басқа да әрекеттерінің, атап айтқанда, қылмыстық істі қозғау үшін оның негізін бұрмалау нәтижесінде ЕШМҰРАТОВ деген рецидивист қарсылық көрсетіп, полицейге дене жарақатын салғаны-мыс үшін мерзім алған (айтпақшы, «жәбірленуші» - Өтеуовтің өзі, рецидивисті «жазалауға» оған ІІБ криминалдық полиция бастығы Нұрболат ҚАБДЕШЕВТІҢ өзі бұйрық берген).

Айта кету керек, жақында ғана осы факті бойынша Ешмұратовқа қатысты үкім күшін жойды.

17 қазанда ұсталған Н. Қабдешев пен ҚІІБ жедел аға уәкілі Бейбіт ШАЛТЕНОВ уақытша ұстау изоляторына қамалды. 20 қазанда №2 Атырау қалалық соты оларға қатысты 500 АЕК мөлшерінде кепілге алу түрінде бұлтартпау шарасын алған болатын. Күдіктілерден кепілдік түрінде Hyundai-Tucson көлігі мен тұрғын үй қабылданды. 26 қазанда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Атырау облыстық прокуроры орынбасарының №2 Атырау қалалық сотының қаулысына қарсылығын қарап шығып, күдіктілер екі айға қамауға алынған еді. Алайда 16 қарашада олар (тергеу тобының өтініші бойынша) облыстық прокуратураның қаулысымен тағы да сол кепілдікпен босатылды.

26 қарашада оларға қатысты бұрын тағылған айыптаулардың өзгергені белгілі болды. Бастапқыда Қабдешев пен Шалтеновке 308-бабы 4-тармағының «в» тармақшасы бойынша қарастырылатын ең «ауыр» қылмыс бойынша айып тағылған болатын. Бұл бойынша оларға он жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұрған еді. Енді олардың әрекеттері «Қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану» деп аталатын онша ауыр емес бапқа өзгертілді. Бұл бап бойынша іс жүргізу келісімі жасалуы мүмкін. Ал жазалау шарасы - айыппұл белгілеуден бастап 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін жаза қарастырады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
28 қараша 2016, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.