Атырау, 5 желтоқсан 14:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Әлеуметтік желідегі сурет үшін әйелін өлтіре жаздады

2 466 рет қаралды

Атырау қаласы прокурорының орынбасары Айбек ҚАНАТБЕКОВТЫҢ айтуынша, осы жылдың мамыр айында Атырау қаласының К. есімді азаматы әйелінің VKontakte әлеуметтік желісіндегі парақшасынан бейтаныс ер адамның жанында тұрған суретін көріп қалады. Мәселенің байыбына бармастан, қызғанышпен әйелін соққыға жығып, асхана пышағымен ауыр дәрежеде дене жарақатын салады.

К-нің үстінен ҚР ҚК-ның 106-бабы 1-тармағы бойынша («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») қылмыстық іс қозғалды. Ол өз кінәсін мойындады. Сот үкімімен оған үш жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 қараша 2016, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.