26 қарашада тал түстің шамасында Доссор поселкесінде Тілегенов көшесіндегі жеке үйлердің біріне қайғылы оқиға орын алды.
Үйдің іші салқындап кеткен соң, 45 жастағы қожайыны жұбайымен бірге ауладағы қазандық орынжайына барып, от жақпақ болады. Бірақ орынжай ішінде газ шоғырланып, от тигенде атылады. Денесінің 88 пайызы күйген ер адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіледі. Ал денесінің 20 пайызын күйік шалған жұбайы сол аурухананың хирургия бөлімінде жатыр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ