Атырау, 14 қаңтар 17:52
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Елбасы: «Астана - бұл бренд. Елорданың атын ауыстыру қажет емес»

Бейнежазба
6 085 рет қаралды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» арнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында Мемлекет басшысы Астананың атауын ауыстыруға байланысты пікірін айтып өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана - бұл бренд. Елорданың атын ауыстыру қажет емес», - деді Елбасы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, әңгіме барысында Қазақстан Президенті елдің индустриялық-инновациялық дамуының мән-маңызы, мемлекеттің экономикадағы рөліне қатысты сауалдарға жауап берді. Мемлекет басшысы Қазақстан елордасының ребрендингі, республикада жастардың білім деңгейін арттыру, білім беру үрдісіндегі үштілділіктің маңыздылығы жөніндегі мәселелерге тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ елдері ынтымақтастығының келешегі, ЕАЭО-ның басқа да мемлекетаралық экономикалық бірлестіктермен және жекелеген елдермен өзара іс-қимылының ықтимал перспективалары туралы айтты.


Дереккөз: Аkorda.kz


25 қараша 2016, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.