Атырау, 19 мамыр 06:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Президент тұрғын үй құрылысы бағдарламасын кері қайтарды

1 938 просмотра

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын қайта пысықтауды тапсырды. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Біз Үкімет мүшелерімен бірге Елбасының қабылдауында болдық. Барлық үш бағдарлама бойынша толық мағлұмат берілді. Елбасының тарапынан негізінен екі бағдарлама мақұлданды. Ол - Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы және Өнімді еңбекпен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы. Ал тұрғын үй құрылысы бағдарламасына келер болсақ, ол жерде меxанизмдер бойынша Елбасының тарапынан ескертулер болды. Сол себепті бүгінгі отырысымызда алғашқы екі бағдарламаны талқылаймыз», - деді Үкімет басшысы Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында.

Бақытжан Сағынтаев атап көрсеткендей, тұрғын үй құрылысына арналған бағдарлама Елбасының айтқан сындарына сәйкес, алдағы уақытта қайта қаралып, желтоқсан айында Үкіметтің қарауына шығарылатын болады.

Айта кетейік, ағымдағы жылғы қыркүйек айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы "Нұрлы жер" атты тұрғын-үй құрылысына арналған жаңа мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуді тапсырған болатын. Н.Назарбаев аталған құжатқа тұрғын үй алудың қазіргі тетіктерін (жалға алу, жинақ арқылы және тағы басқа) енгізіп, жеке үй құрылысына жағдай жасауды міндеттеген. Аталған бағдарламаға Ұлттық экономика министрлігі жауапты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

29 қараша 2016, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.