25 қарашада Атырау қаласында лаңкестікке қарсы ауқымды оқу-жаттығулар өткізіліп жатыр.
Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, оқу-жаттығуларды лаңкестікпен күрес жөніндегі облыстық жедел штабы өткізеді. Шара мақсаты – арнайы, құққыққорғау және басқа мемлекеттік органдардың лаңкестік актілерін құрықтауға, олардың зардаптарын азайтуға және жоюға әзірлігін тексеру.
Атырау қаласының жекелеген аудандарында енгізілген лаңкестік қауіптің біркелкі «сары» деңгейінде қарастырылған шектеу шаралары (атап айтқанда, кейбір жол учаскелерінде қозғалысты шектеу) енгізілетін болады.
Осыған байланысты ІІД қала тұрғындары мен меймандарынан өткізіліп жатқан оқу-жаттығуларына түсіністікпен қарауды өтінеді және уақытша қолайсыздықтар үшін алдын ала кешірім сұрайды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ