Атырау, 13 қазан 19:20
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қазақстан ауыр атлетика құрамасының бас бапкері отставкаға кетті

2 500 просмотра

Фото: Sports.kz

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни отставкаға кетті. Бұл туралы бүгін, 25 қарашада Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Алексей Ни Қазақстан құрамасын 1994 жылдан бері жаттықтырды. Ол Қазақстан құрамасын алты олимпиадаға апарды. Биыл Рио олимпиадасында Қазақстан құрамасы бір алтын, бір күміс, үш қола медаль иеленген.

Рио олимпиадасының алдында Халықаралық олимпиада комитеті Пекин мен Лондон олимпиадасы кезінде алынған допинг сынамаларын қайта тексергенде екі олимпиадада алтын алған Илья Ильиннің сынамалары оң нәтиже берген. Ол екі олимпиада ойындарында алған медалін қайтарады.

Сондай-ақ Лондонда алтын алған Светлана Подобедова, Мая Манеза, Зүлфия Чиншанло, Пекин ойындарының күміс жүлдегері Алла Баженина, Ирина Некрасова да допинг қолданды деп айыпталған. Бұл спортшылардың да олимпиададағы нәтижелері жойылды.

Дереккөз: Азаттық

25 қараша 2016, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.