Атырау, 22 желтоқсан 16:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Барлық жаңалық

Жайықты өлі балықтан тазартуға қол ұшын бергіңіз келсе - келіңіз Экология

Жайықты өлі балықтан тазартуға қол ұшын бергіңіз келсе - келіңіз

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтің қатысуымен балықтың жаппай қырылуын тексеруге арналған ведомствоаралық комиссияның мәжілісі өткен болатын. Соның ішінде, билік өзен жағалауын өлі балықтан тазартуға ниет білдірген бастамашыл қала тұрғындарына қолдау білдіріп, ұйымдастыру жағынан көмектесуге әзір. 9 наурыз 2019, 22:46 4 044 рет қаралды
Алжирде президенттің қайта сайланбауын талап еткен шерулер жалғасып жатыр Әлемде

Алжирде президенттің қайта сайланбауын талап еткен шерулер жалғасып жатыр

Жұма, 8 наурызда Алжирде ондаған мың адам көшеге қайта шығып, президент Әбделәзиз Бутефликаның алдағы президент сайлауына қатыспауын талап еткен. Шеру бейбіт өткен. Ел астанасы Алжир қаласында метро жабылып, кейбір пойыздар жүрмей қалған. 9 наурыз 2019, 14:29 1 920 рет қаралды
Тауық табысқа қосылмауы мүмкін Басқа жаңалықтар

Тауық табысқа қосылмауы мүмкін

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жақында тағайындалған басшысы Серік ҚАМИДОЛЛА өткізген брифинг негізінен «АЖ» екі рет жазған атаулы әлеуметтік көмек төлемдері тақырыбына арналды. 9 наурыз 2019, 13:59 3 599 рет қаралды
СІМ: Қытайда ұсталған қазақ студентіне байланысты тергеу үш айға созылуы мүмкін Қазақстанда

СІМ: Қытайда ұсталған қазақ студентіне байланысты тергеу үш айға созылуы мүмкін

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытайдың Чжэцзян провинциясында "есірті таратты" деген күдікпен ұсталған қазақ студентіне байланысты түсініктеме берді. Министрліктің хабарлауынша, 27 ақпанда ұсталған Юлия Ходеваға байланысты тергеу амалдары үш айға созылуы мүмкін. 9 наурыз 2019, 09:51 1 424 рет қаралды
Финляндия үкіметі отставкаға кетті Әлемде

Финляндия үкіметі отставкаға кетті

Финляндия президенті Саули Ниинисте елдің премьер-министрі Юха Сипильмен кездесу барысында үкіметтің отставкаға кетуін мақұлдады. Фин президентінің кеңсесі қазіргі министрлер кабинеті уақытша жұмыс істейтінін  хабардар етті.  8 наурыз 2019, 22:21 1 995 рет қаралды
Насыбайдың бәрін кім атпақ? Басқа жаңалықтар

Насыбайдың бәрін кім атпақ?

5 наурызда ҚР мен РФ шекарасындағы Котяевка бекетінде шекарашылар 6 тонна насыбай алып өтпекші болған екі Ресей азаматын ұстады. "49 және 35 жастағы екі РФ азаматы "Газ-3022" автокөлігімен Қазақстаннан 6 тонна шекпейтін шылым - "насыбай" алып өтпекші болған. Жүргізушілер насыбай  салған қапшықтардың ішінде ұн бар деп сендірмекші болды", - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі. Сурет 8 наурыз 2019, 18:11 4 757 рет қаралды
Бейресми апат хроникасы Басқа жаңалықтар

Бейресми апат хроникасы

Балықтардың жаппай қырылуы туралы алғашқы бұқаралық ақпарлар өткен жылдың 2 желтоқсанында тіркелді. Ал бүгін - 7 наурыз. Жүздеген мың балық өлексесі өзен мұзының қабатына қатталған. Бұл өлген соң ісініп, су бетіне қалқып, мұзға қатқан балықтар. Алайда суасты түсірілімдері көзімізге көрінбейтін су түбінде мың тоннадан да көп балықтар шіріп жатқанына дәлел болады. Ең сұмдығы, балықтар әлі өліп жатыр. Бірақ ресми Атырау алаңдауға негіз жоқ дейді. Бейнежазба 7 наурыз 2019, 23:10 4 921 рет қаралды
Ата-аналар балаларының денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыруды талап етуде Қазақстанда

Ата-аналар балаларының денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыруды талап етуде

Спорт мектебінің басшылығы балалар зардап шеккен сапарға келісім берген жоқ, — бұл олардың ата-аналарының спорт басқармасының өкілдерімен кездесуінде анықталды. Алайда ата-аналар балалардың жарақатына жауапкершілік тек қазақша күрес секциясының жаттықтырушысына жүктелмеуі тиіс деп санайды. 7 наурыз 2019, 21:45 2 301 рет қаралды
Қырдың қызыл гүлдері Басқа жаңалықтар

Қырдың қызыл гүлдері

...Сиыр мен түйені  өзім сауамын, шұбат дайындаймын. Қаймақ, сүзбе, сары май, құрт, ірімшік - бәрін жасаймын. Соны пұл қыламыз, тамақ, басқа қажеттілікке жаратамыз. Айналамызда қыстақ көп, бірақ әйелдер жоқ, көмекшілер ретінде ер адамдарды жалдайды. Басқасы басқа, сиырлардың сүттері ағып жүргеніне жаным ашиды, оны сауып, оқсататын әйел азайды. Үйдің қазығы әйел қырда тұрмағасын не берекет болады,- деді шәй қамына кіріскен Қымбат апа. Сурет Бейнежазба 7 наурыз 2019, 15:38 7 644 рет қаралды
Бюджеті үлкен «Б» санатындағы футбол Спорт

Бюджеті үлкен «Б» санатындағы футбол

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы спорттың төмендегі түрлері бойынша облыстық командаларға 2019 жылға бөлінген бюджет көлемін жариялады: футбол – 1 млрд. 922 млн теңге, хоккей және мәнерлеп сырғанау – 718 млн. 960 мың, баскетбол - 585 млн 721 мың, ұлттық спорт түрлері - 188 млн 330 мың, бокс - 153 млн 724 мың, қазіргі заманғы бессайыс - 8 млн 81 мың теңге. 7 наурыз 2019, 15:34 3 270 рет қаралды
Атырауда «Харе Кришнаға» полицейлер кедергі келтірді Басқа жаңалықтар

Атырауда «Харе Кришнаға» полицейлер кедергі келтірді

3 ақпанда Атырауда Сәтпаев даңғылындағы пәтерлердің бірінде «Атырау Кришна санасы қоғамы» жергілікті діни бірлестігінің алты мүшесі дәстүрлі «Харе Кришна» мантрасын шырқау үшін жиналған-ды. Бірақ олар құлшылықтарын айтып бітірместен, пәтерге полиция қызметкерлері баса көктеп кіреді. 7 наурыз 2019, 13:41 3 282 рет қаралды