Венесуэла оппозициясының жетекшісі Хуан Гуайдо өз жақтастарын 8 наурыз күні шеруге шығуға шақырған болатын. Президент Мадуро бұған қарсы өз жақтастарын 9 наурызға шеруге шығуға шақырды.
Әрі бұл шеруді елдің бұрынғы басшысы Чавездың қайтыс болуын еске алуға арнаған. Президент Николас Мадуро мәлімдемесінде АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың да 9 наурыз күні Венесуэланы АҚШ-тың ұттық қауіпсіздігіне басты қауіп төндіруші ел ретінде жариялағанын да сөз еткен. Мадуро сондай-ақ, 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай Венесуэла әйелдерін шеруге шығуға шақырған және сол күні маңызды мәлімдемелер жасайтынын айтқан. Осыдан бұрын оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо орталық қала Каракаста елдегі кәсіподақ өкілдерімен кездесу өткізіп, аса ауқымды шеру ұйымдастыратынын мәлімдеген еді. Оның ресми мәлімдемесінде шеру ұйымдастыруды кәсіподақ жетекшілері ұсыныс еткен. Венесуэладағы халықтық ереуілдер сол елдегі азаматтық соғыс қаупін барған сайын күшейтуде. АҚШ бастаған бірқатар Батыс және Латын Америкалық елдердің қолдауына ие Гуайдо өзін уақытша үкімет басшысы ретінде жариялағаннан тартып, елдегі саяси дағдарыс шегіне жетті.
Дереккөз: “The Qazaq Times"