Атырау, 28 қараша 15:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Украинада бейбіт шара соңы қақтығысқа ұласты

Бейнежазба
2 400 просмотра


Киевтегі әкімшілік ғимараттардың алдында заңсыз құрылыс жұмыстарын тоқтатуды талап етуішелер наразылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қоғам белсенділері, заңгерлер мен қала тұрғындары «Жер кодексі» мен «Құрылыс нормаларына» қатысты Заңның жүйелі жүзеге асуын талап етті. Бейбіт басталған митинг соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласты. Сергей Мельниченко – қарсылық акциясының белсенді қатысушысы әрі ұйымдастырушы.


Оның айтуынша, қаладағы жүзге жуық нысанның құрылысы бүгінде заңсыз жүріп жатыр. Мемлекеттік құрылыс шарттары сақталмаған, сондай ақ «көк», «жасыл», «сары» сызық деп белгіленген тәртіпке бағынбай, талапты орындауға да құрылыс компаниялары мән бермей отыр. 

Сергей Мельниченко, қоғамдық белсенді: – Бүгінгі іс-шараға саяси партияның адамдары емес, заңсыз құрылысты күнде көріп жүрген, төзімі таусылған қала тұрғындары жиналды. Алпыстан астам нысан заңсыз салынып жатыр, оны дәлелдейтін құжат қолымызда бар. Әсіресе, балалардың ойын және спорт алаңдарындағы құрылыс жұмыстары үлкен мәселеге айналды. «Қала қорғанысы» штабының жетекшісі Петро Тигунов та қарсылық шараны ұйымдастырушының бірі әрі белсене ат салысып жүр. Ол «сәулетші, заңгер және қоғам мен қала әкімшілік өкілдерінен комиссия құрылып, қаладағы заңсыз құрылыс жұмыстарына жаппай тексеру жүргізілсін» деген ұсыныс айтты. 

Петро Тигунов, қоғамдық белсенді: – Не сұмдық, ия құжатқа сай болса бұзу ойда жоқ. Сосын білгендерін істейді. Ия, айыппұл салынар. Бірнеше рет. Ал құрылыс тоқтамайды. Құжат рәсімдеу кезінде де өрескел қателіктерге жол берілген. Заң бұзушы құрылыс компанияларының жетекшілерін қылмыстық жазаға тарту қажет. Рұқсат еткен әкімшілік өкілдері де жауап берсін. 

Бейбіт басталған іс-шараның соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Қоғам белсенділері жолға шығып, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Сондықтан шара ұйымдастырушыларын тәртіп сақшылары ұстап, әкімшілік алаңынан алып кетуге мәжбүр болды. 

Алайда полиция белсенділерді ұзақ ұстаған жоқ. Кешке таман қала басшысы Виталий Кличко заңсыз құрылысты тоқтатуды талап етушілермен кездесіп, келесі аптада комиссия құрылатынын жеткізді. Құрылыс нысандарының жұмысын тексеруші комиссияның құрамына қоғам өкілдері мен әкімнің екі орынбасары енетін болады. Ең алдымен бұл комиссия мүшелері Пуща-Водица деп аталатын орманды аймақтағы құрылысты тоқтатып, оның құжаттарымен жан-жақты танысуды жоспарлайды.

Дереккөз: 24.kz


 

7 наурыз 2019, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.