Атырау, 22 желтоқсан 16:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады

106 рет қаралды
Сурет: freepik.com
Сурет: freepik.com

Қазақстан мектептерінде екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсан мен 2026 жылғы 7 қаңтар аралығында, қоса алғанда 10 күнге созылады.

Министрлік оқушылардың қысқы демалыс кезіндегі бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және олардың тұлғалық дамуына ерекше мән беріп отыр. Осы мақсатта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар білім беру және тәрбиелік іс-шаралар жоспарланған.

Оқушыларға демалыс уақытында:

  • кітап оқу,

  • музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтар мен тарихи ескерткіштерге бару,

  • спорттық ойындарға қатысу, коньки және шаңғы тебу,

  • қайырымдылық акциялары мен қоғамдық іс-шараларға қатысу ұсынылады.

Сондай-ақ мектептерде және қосымша білім беру ұйымдарында білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық бағыттағы түрлі шараларды өткізу көзделген.

Министрлік балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырды. Атап айтқанда, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, мектептің ішкі тәртібін сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік мәселелері бойынша ата-аналармен бірлескен жұмыстар жүргізу қажет.

Аталған ұсынымдар білім беру ұйымдарына әдістемелік нұсқаулық ретінде жолданады.

Бүгін, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.