Атырау, 28 қараша 15:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Сирияда 500 содыр өз еркімен берілді

1 563 просмотра


Ефрат өзенінің шығысындағы Багуз елді мекенінен 500 содыр өз еркімен күрд жасақтарына берілді. Және соңғы бірнеше күнде аймақтан 2 мыңға жуық бейбіт тұрғын қауіптен құтқарылды. 

Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Осылайша соңғы 3 аптада Багуздан аш құрсақ жүрген 10 мың бейбіт тұрғын бейбіт жерге көшірілді. Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, өңірде әлі де берілмей отырған лаңкестер біршама көрінеді. Айта кетейік, Багуз – Сириядағы «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымының бақылауында қалған соңғы өңір. Оны азат ету операциясын АҚШ қолдайтын коалиция ұйымдастырды. Арнайы әскери операция бейбіт тұрғындарға зияны тимес үшін баяу өтіп жатыр.

Дереккөз: 24.kz

 

7 наурыз 2019, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.