Атырау, 12 қаңтар 05:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

Литва қазақстандық студенттер үшін 200 грант ұсынады

1 553 рет қаралды


Алматы мен Шымкент қалаларында Литва университеттерінің ақпараттық сессиясы өтеді. Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

"Онда қазақстандықтар Литвадағы ЖОО-ларда бакалавриат және магистратура бағдарламалары, оқуға түсу үрдісі, грант пен стипендия жөнінде біле алады. Сондай-ақ, грантқа оқуға түскендердің арасынан әлеуметтік жағдайы төмен студенттерге ай сайын берілетін стипендия қарастырылады" - делінген хабарламада. 

Шымкент қаласындағы кездесу Жастар ресурстық орталығында (Момышұлы көшесі 4) 11 наурызда сағат 10:00-де өтеді.

Алматы қаласындағы кездесу 13 наурызда сағат 10:00-де Ұлттық кітапханада (Абай даңғылы 14) ұйымдастырылады. 

Айта кетерлігі, Қазақстанның басқа қалалары мен аймақтарындағы үміткерлер құжаттарын Литваның жоғары оқу орындарының ресми сайттарына жолдауға болады. 

Литва университеттерінің бағдарламалары мен мамандықтары мына сілтемелерде:  Vytautas Magnus UniversityKaunas University of TechnologyLithuanian Sports University.

Дереккөз: baq.kz

9 наурыз 2019, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.