Атырау, 17 қараша 04:47
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 495.95
€ 524.37
₽ 4.98

Барлық жаңалықтар

Маңдай тер мен жарытымды жалақы жайлы Басқа жаңалықтар

Маңдай тер мен жарытымды жалақы жайлы

Тура бір ай бұрын біздің БАҚ-тар қазақстандық пролетариаттың жұмыс берушіге қатысты ірі жеңісі деп атаған оқиға орын алды. Оқиғаның ұзын-ырғасын еске түсіре кетейін. 25 қаңтарда «Сенімді Құрылыс» ЖШС-нің (Теңіздегі ТШО зауыттарының бірінде жөндеу жұмыстарымен айналысады) 300 құрылысшысы, монтаждаушылары мен дәнекерлеушілері еңбекақыларын көтеруді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқан болатын. 29 ақпан 2012, 20:14 4 787 просмотра
Бар боламыз, не жоқ боламыз Басқа жаңалықтар

Бар боламыз, не жоқ боламыз

ТШО-дағы өрттер  немесе КТЛ-1 және 2 әбден шіріп бітті Соңғы үш айда Теңіз кенішінде үш рет өрт болды. Барлығының себептері бірдей. Дегенмен, «қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік және өндірісті модернизациялау» саласына үнемі өз үлестерін қосып отыратындығы туралы мәлімдеуші ірі табиғат пайдаланушы үшін бұл аса жақсы ақпарат емес. 29 ақпан 2012, 20:03 7 090 просмотра
Соққыдан соң Басқа жаңалықтар

Соққыдан соң

Индерборлық Дәметкен ТӨЛЕБАЕВА көлік апатынан кейін бес айдан бері төсекке таңылып қалды 2011 жылғы 25 қыркүйек күні ерлі-зайыптылар Дәметкен мен Ордабек, ұлдары Жамбыл және жиені Мақсот пен оның жұбайы Ғалия көлік апатына ұшыраған еді. Индер аудандық ауруханасының қасында болған көлік апатының салдарынан зардап шеккен 5 адам бірден ауруханаға жеткізіледі. 29 ақпан 2012, 19:52 2 063 просмотра
Басқа жаңалықтар

Ашық бюджет туралы оғаш сюжет

«Бюджеттік талдау және экономикалық мониторинг орталығы» қоғамдық қоры Қазақстандағы жергілікті бюджеттердің ашықтығы индексін анықтау жөніндегі зерттеу нәтижелерін ұсынды. Атырау бюджеті еліміздегі ең ашық бюджеттердің бірі деп танылды. 29 ақпан 2012, 19:39 2 359 просмотра
Қаржы қоржынының құпиясы Экономика

Қаржы қоржынының құпиясы

ТШО-ның әлеуметтік инвестициялары: жергілікті ұйымдарға қанша үлес тиеді? Коммерциялық емес ұйымдар ғана қатысатын ТШО-ның облыстық әлеуметтік-инвестициялық бағдарламасына қаржы бөлу жөніндегі саясаты оларды алушылар тарапынан көп сынға ұшырап отыр. Шетелдік инвестор жобаны таңдаған кезде жұртшылықтың пікірімен санаспайды дейді үкіметтік емес ұйымдар. Ал ең бастысы – бюджет жөніндегі ақпарат жабық. «Теңізшевройл» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінің бас менеджерінің орынбасары Линси КРЕЙНМЕН (суретте) кездескенде бірқатар жайттарды ашу үшін сауалдарымызды басқа қырынан қоюға тырыстық. 29 ақпан 2012, 19:31 3 960 просмотра
Тауқымет Басқа жаңалықтар

Тауқымет

2010 жылғы 31 шілдеде 16 адамнан тұратын үлкен бір отбасы Аққыстауға тойға жиналады. Алайда, той үш адамның жаназасын шығарумен аяқталды: қаладан 20 шақырымдай жерде қатты жүріп келе жатқан микроавтобустың дөңгелегі ұшып, жол апаты орын алды. Кішкене бүлдіршін Нұрай САПАШЕВА үш жасын атап өтуге екі ай уақыт қалғанда  қыршыннан қиылса, Дильназ ДЕГЕНОВА бар болғаны  төрт-ақ жаста болатын. Ал сұлу бойжеткен, 2003  жылы Атырау тете-мисс атағына ие болған Гүлнұр САПАШЕВА енді көптің есінде  мәңгі сол жиырма бес жас күйінде сақталып қалмақ. 29 ақпан 2012, 19:12 4 548 просмотра
Ақсақал әкімді абыржытты Басқа жаңалықтар

Ақсақал әкімді абыржытты

Облыс әкімінің есебінен және басқа да оның ішінде мәжілісмен Асхат БЕКЕНОВТІҢ әкім атына мақтау жолдаған сөйлеушілерден кейін мінбеге күтпеген жерден белгісіз бір зейнеткер (суретте) шығып, Бергей РЫСҚАЛИЕВКЕ бірнеше өткір мәселелерге қатысты сауалын қоя бастады. 29 ақпан 2012, 18:58 2 545 просмотра
Бүгінгі бағам - ертеңге қадам Экономика

Бүгінгі бағам - ертеңге қадам

Неліктен Ауыл шаруашылығы министрлігі «АтырауБалықты» қаржыландыруды тоқтатты және жергілікті билік Жаңаөзендегі оқиғадан қандай сабақ алды? Осы және басқа да сұрақтардың жауабын облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ 2011 жыл ішіндегі өз есебінде мәлімдеді. 29 ақпан 2012, 18:55 2 317 просмотра
Басқа жаңалықтар

Назар аударыңыз, онлайн-конференция!

2012 жылдың 1 наурызында (бейсенбі) сағат 15-тен 16-ға дейін (жергілікті уақыт) «Ақ Жайық» газетінің www.azh.kzсайтында Атырау қалалық ПИК қауымдастығының жетекшісі Асылбек МҮЛІКОВТІҢ, оның орынбасары Гүлнар САЛИХОВАНЫҢ, «ТКШ ҚазОрталығының» Атырау филиалының директоры Серік ХАЙРОШЕВТІҢ (баспананы жаңғырту бағдарламасының операторы) қатысуымен интернет-конференция өтеді. 23 ақпан 2012, 15:28 1 623 просмотра