Атырау, 28 қараша 18:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Дәрі-дәрмектер мен азық-түліктерге жеңілдіктер туралы

2 754 просмотра

Image 03 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінің Атырау бөлімшесінде "Демеу" жобасын жүзеге асыру жөнінде облыстық әкімдік пен бизнес өкілдері арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Осыған қатысты баспасөз конференциясында Атырау облыстық әкімдігінің бастамасымен "Демеу" әлеуметтік жауапкершілік қоғамдық қозғалысы жұмысын бастағаны туралы мәлімдеді. Қозғалыстың мақсаты - "халықтың әлеуметтік осал топтарын қоғамдық қолдау және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыруды ұйымдастыру".

– Маркетингтік мақсатта сауда компаниялары, түрлі қызмет түрін көрсететін фирмалар сатылымдар, жеңілдіктер және т.б. жасайды. Ендеше оларға әлеуметтік мақсатта да осылай етпеске? Біз кәсіпкерлердің хаықтың аз қамтылған топтарын қолдау жөніндегі бастамасын біріктіруді ұйғардық, - деді облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН.

«Медицина» АҚ директоры Зәбира ДӘУЛЕТЖАНОВА меморандумға қол қойылмас бұрын бірнеше ай бойы дайындық жүргізілгенін айтты:

– Біз барлық санаттағы мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға қандай көмек көрсете алатынымызды есептедік. Сөйтіп, 1 шілдеден бастап олардың бәрі дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға 5 пайыз жеңілдік алады деп ұйғардық. Біз облыстық әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұсынған алушылар тізіміне сәйкес штрих-кодтары бар кәртішкелер шығардық. Бүкіл мәліметтер біздің электронды дерекқорымызға енгізілген. Кәртішкелерді тіркеу және активтендіру 4 дәріханада жүргізіледі. Кәртішкелер Авангардтағы №25, Сәтпаев даңғылы бойындағы №10, Балықшыдағы №6 және Привокзальныйдағы №28 дәріханаларда жеңілдік алушылардың мәртебесін растайтын құжаттар ұсынылған жағдайда беріледі. Кәртішкені алғаннан кейін әрі қарай "Медицина" АҚ-ның кез-келген осы 4 дәріханалардың біріне жүгіне алады. Кәртішкелер мерзімсіз.

"Атаба" компаниясының тобы да аталмыш азаматтар санатына 10 пайыз жеңілдікпен кәртішкелер берілетіні туралы мәлімдеді. Оларды "Атаба" супермаркеттер желісінің кассаларынан тиісті құжаттар ұсынылған жағдайда ала алады. "Атабада" бұл акция жыл аяғына дейін жалғасады.

ҰКП жергілікті филиал жетекшісі Асылбек ЖӘКИЕВ "Демеу" қозғалысын қолдайтын компаниялар саны көбейетіндігіне сенім білдірді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 шілде 2015, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.