3 шілдеде Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ қоныстанушыларға кілт табыс етті.
"2020 жылға дейін өңірлік даму бағдарламасы" шеңберінде 126 пәтер тапсырылды. Осы бағдарлама бойынша Бейбарыс даңғылы, №№38, 40, 42 және Нұрсая ықшамауданы, №84 мекен-жай бойынша (бұл жерде жас отбасылар пәтер алды) кезекке тұрушыларға арналған арендалық үйлер салынып, пайдалануға берілді.
Өткен аптада да "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" салымшылары үшін несиелік баспана желісі бойынша Бейбарыс даңғылы бойындағы, №№ 17, 21, 21а (135 пәтер) үйлер пайдалануға берілген болатын.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА