Өткен жылыту маусымындағы апаттар мен алдағы қысқа дайындық туралы «Атырау жылу желілері» АҚ (АЖЖ) вице-президенті Андрей ЖАНДИН (суретте) әңгімелеп берді.
«ӨТКЕН МАУСЫМ ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ ӨТТІ»
- Андрей Владимирович, жаз мезгілі ортасынан аумаса да, сіздің кәсіпорындарыңыз қысқа дайындықты бастап кетті. Алдымен өткен маусым мен алдағы маусымға сабақ болар оқиғалар туралы айтайықшы. Өткен қыста қалалық жылыту желілерінде қанша апат болды?
- Жылу беру кезеңі штаттық режимде өтті. Апаттар, АЖЖ желілерінде су кету себебінен нысандарды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етуді тоқтату жағдайлары болған жоқ. Үй ішінде су кетулер болды, осының салдарынан 53 рет ыстық сумен қамту және 22 рет жылу беруді тоқтату орын алды. Барлық жылу беруді тоқтатулар 2014 жылғы қазан айында жылуды қосқанда болды. Себеп – ПИК-тердің жөндеуді дұрыс жасамағандығы: біреуі жылу бағаналарындағы ағызу тығындарын қондыруды ұмытқан, кейбіреулері құбырлар арасындағы фланецті қосылғыштардың аралық төсемдері кетіп қалған және т.б. ПИК-тер ақауларды шұғыл жойды. Кейбір жағдайларда қалалық әкімдіктердің апаттық бригадаларының көмегіне сүйенуге тура келді.
- Қысқа дұрыс дайындалмаған ПИК-терді атаңызшы.
- «Махамбет», «Талғатжан», «Гүл» ПИК-тері, «Әли» ЖК қысқа дайындықты бәрінен кеш аяқтады.
- Бұрын штаб отырыстарында жылу берушілер ПИК-терден жылу беру сапасын жақсарту үшін құбырларды лас пен таттан тазартуды талап етті. Қазір неге мұны талап етпейді?
- Жыл сайын жылыту жүйелерін зерттеген АЖЖ мамандары ПИК-ке әр үй бойынша жасалуы тиіс шаралардың тізімі бар ұйғарым береді. Осы тармақтардың алғашқыларының бірі - жылыту жүйелерін шаю. Алайда шаю шараларын жүзеге асыру үшін «Атырау су арнасы» КМК-мен су сатып алу және оны кәріздік жүйеге ағызу туралы мәселені шешу қажет. Сондай-ақ, ПИК-тер шаюды ауа көбіктерімен жүргізу үшін компрессорлар алу керек. Шаюға арналған суды пайдалану шығындары ПИК тарифінде қаралмаған, сондықтан да бұл жұмысты орындау мүмкін емес.
- Орталық көпір астында жақында жүргізілген жөндеу туралы айтыңызшы.
- Бүгінде орталық көпір астында орналасқан магистралды жылу желілері құбырларын ауыстыру бойынша жұмыс көлемдерінің жартысынан көбі орындалды. Жұмыстарды тамыздың ортасында аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл Атырау қаласындағы астында магистралды жылу желілерінің құбырлары бар жалғыз көпір.
- 22 сәуірде қаладағы барлық жылу құбыр желілерін қысыммен тексеру жүргізілді. Қай ықшамауданда ақаулар көп байқалды?
- Қысыммен тексеру кезінде Авангард пен Привокзальныйдағы жүйелерде 9 ақау анықталды. Барлығы қалпына келтірілді.
«ЖЭО ҚУАТЫ АРТЫҒЫМЕН ЖЕТЕДІ»
- 2015 жылға арналған инвестициялық бағдарламалар аясында қандай жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырсыздар?
- Ағымдағы жылдың инвестициялық бағдарламасы аясында магистралды жылу желілерінің жалпы ұзындығы 4 шақырым 9 учаскесін ауыстыру жоспарлануда. Сонымен қатар ұзындығы 30 шақырымнан астам жылу желісінің жылу оқшаулағыштарына жөндеу жүргізу қарастырылуда. Инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру жылу қуатын жоғалтуды төмендетіп, сәйкесінше жылу тарату бойынша қызметтер көлемін арттыруға септігін тигізеді.
- Нұрсая ықшамауданын ЖЭО желілеріне қосу бойынша жұмыстар қалай жүріп жатыр?
- Нұрсая ықшамауданында орталық жылу бекетінің құрылысы аяқталып жатыр және бұған 24 көп қатарлы үй қосылатын болады. Магистралдық және кварталдық жылу желілерін салу аяқталды.
- Жаңа үйлерді ЖЭО желісіне қосу қалай жүріп жатыр? Жылу қуаты барлығына жете ме?
- ЖЭО-ның жылу қуаты күніне 695 Гкалды құрайды. Ал ЖЭО-ға қосылған үйлердің жалпы жүктемесі – сағатына 349 Гкал. Көріп отырғаныңыздай, біз қазір ЖЭО жылу қуатының тек жартысын ғана қолданып отырмыз.
Орталық көпір астына екінші магистралды желіні жүргізу және магистралдық желілер диаметрін арттыру бізге болашақта қаланың оң жақ жағалауындағы және Привокзальныйдағы жаңа үйлерді қосуға мүмкіндік береді. Өткен жылы орталықтандырылған жылу жүйесіне 15 ғимарат қосылды, ішінде 6 көппәтерлі үй бар.
- ҚР атом және энергетикалық қадағалау комитеті сайтының үстіміздегі жылдың 6 ақпанындағы деректері бойынша Атыраудың жылу жүйесі параметрлері температуралық кестеге сәйкес келмейді. Бұл қандай себептерден орын алды?
- Ешқандай температуралық кестеден ауытқу болған жоқ. Жылу желісі деспетчері ЖЭО-дан шығатын желілік судың температурасын қате есептеген. Қате мәліметтер Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетіне берілген. Бұл оқиғаға тексеру жүргізіліп, Комитетке бұрын жіберілген ақпараттың қате екендігі туралы хат жолданды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ