Атырау, 27 қараша 16:57
 қар жаууы ықтималВ Атырау +2
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Жомарт Ертаевқа ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдік тағылуда - Бас прокуратура

2 336 просмотра

Image 0АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өндірісінде «Альянс банк» АҚ лауазымды тұлғасына қатысты ҚР ҚК 189-бабының 3-бөлімі 1-тармағында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша қозғалған қылмыстық іс қаралуда.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінде хабарланғандай, Жомарт Ертаевқа Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлімі 1-тармағы (Қызметтік жағдайын пайдаланып, тұлғалар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену және ысырап ету арқылы қымқыру) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік тағылуда.

2015 жылғы 22 маусымда Ж. Ертаевқа ҚР ҚК 189-бабы 1-бөлімі 1-тармағында көзделген қылмысты жасады деген күдік тағылған.

Сот алды тергеу жүргізілуде.

Дереккөз: inform.kz

7 шілде 2015, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.