«Химавари-8» («Подсолнух-8») жаңа жапондық метеорологиялық жер серігі Тынық мұхитының дауылдарын, жанартаулары мен шаңды дауылдарын бақылаумен айналысатын болады. Жер серігі геостанционарлық орбитадан түрлі-түсті суреттер жібере бастады, деп хабарлайды ТАСС.
Аппарат Токиодан солтүстікке қарай орналасқан Сайтама префектурасындағы бақылау орталығына 16 сурет түрін жіберуге қауқарлы. Бұл осы серияның алдындағысынан 9 есеге артық. Жіберілетін ақпарат көлемі 50 есеге ұлғайды.
«Химавари-8» «Химавари-7»-ге қарағанда Жер бетін сағатына бір рет емес, әр 10 минут сайын суретке түсіретін болады. Мысалы, Жапонияда жаңа жер серігі әр 2 минут сайын суретке түсіретін болады, бұл орбитада осының алдында жұмысқа кіріскен жер серігінен 12 есе жиі.
Дереккөз: bnews.kz
7 шілде 2015, 15:52
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.