Атырау, 23 маусым 21:05
 дождьВ Атырау +27.9
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59

Мөңке балық тұншығып қалды

6 892 рет қаралды

Image 0Махамбет ауданының бөлініп қалған су тоғандарынан балықтардың жаппай қырылуы орын алды.

Облыстық табиғат қорғау прокурорының аға көмекшісі Сапар ТҰРСЫНБЕКОВТІҢ айтуынша, Ақжайық селосына (8-ауыл) жақын маңдағы бөлініп қалған екі су тоғанынан бір тоннадай өлі балық, негізінен мөңке балығы, табылды. Қырылу себебі – ыстық аптап салдарынан судағы оттек құрамының азаюы. Су тоғанын өлі балықтардан тазартумен аудандық балық қорғау қызметі мен «Тілекші» балық аулау кооперативінің қызметкерлері айналысуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 шілде 2015, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.