Атырау, 25 маусым 13:43
 дождьВ Атырау +26.1
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Англиядағы ауруханаларда салғырттықтан 500-ден астам ана мен нәресте қаза тапқан немесе зардап шеккен

98 рет қаралды

Англияның Ноттингем қаласындағы ауруханаларда босандыру көмегін көрсету кезінде заң бұзушылықтар, тиісті күтімнің болмауы және жүйелік ақаулар салдарынан 500-ден астам ана мен нәресте қаза тапқан немесе зардап шеккен, деп хабарлайды АА.

The Guardian газетінің хабарлауынша, акушерлік сала маманы Донна Окенден Ноттингемдегі перзентханалардың жұмысына қатысты жан-жақты әрі тәуелсіз есеп дайындаған.

Бұл есеп Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметі (NHS) тарихындағы «ең ірі босандыру дауы» деп аталды. Онда 2012–2025 жылдар аралығында 2,5 мыңнан астам отбасыға қатысты жағдайлар қаралып, 444 әйел мен 76 нәрестенің өлімі немесе ауыр зардаптары «алдын алуға болатын» оқиғалар ретінде сипатталған.

Есепте нәрестелерге тиісті күтім көрсетілмегені, ал басқа тәсіл қолданылса, олардың өмірін сақтап қалуға болатыны айтылған.

Окенденнің айтуынша, жас қызметкерлер өз алаңдаушылықтарын білдіруге қорыққан, ал ауруханаларда ең алдымен мекеменің беделі сақталуға тырысқан.

Есеп жарияланғаннан кейін Ноттингем университетінің ауруханалары жазбаша мәлімдеме жасап, әйелдер мен олардың отбасыларынан кешірім сұрады және жауапкершілікті мойындап, реформалар жүргізуге уәде берді.

Айта кету керек, Окенден 2022 жылы жариялаған тәуелсіз есебінде 2000–2019 жылдар аралығында Англияда тиісті күтімнің болмауы салдарынан 201 нәресте мен 9 ананың қаза тапқанын да көрсеткен.

Бүгін, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.