Астана. 7 шілде. ҚазТАГ – Таяу Шығыс және Африкадағы жағдайдың нашарлануына қатысты Қазақстан алаңдаулы, деп мәлімдеді ҚР сыртқы істер ведомтво баспасөз қызметінен.
«Қарапайым халықтың зардабына әкеп соққан лаңкестік іс-әрекеттер нәтижесінде Таяу Шығыс және бірқатар африкалық мемлекеттердегі жағдайдың нашарлануына байланысты Қазақстан алаңдаушылық білдіреді», - делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.
«Қазақстан Тунис, Кувейт, Мысыр және Нигерия халықтарына қайғы-қасіретіне ортақтастығын білдіріп, осы елдерде болған лаңкестік іс-әрекеттерге орай қөңіл айтады.
Қазақстан, дүниежүзілік қауымдастықтың бөлігі ретінде, осы елдердегі жағдайға алаңдаушылық білдіре отырып, лаңкестіктің бар түрлері мен көріністерін табанды түрде кінәраттайды және осы құбылысты түп-тамырымен құрту үшін дүниежүзілік қауымдастықты нәтижелі ұжымдық шаралар қабылдауға шақырады. Қазақстан лаңкестік әрекеттер бүкіл әлемге қауіп-қатер төндіреді деп санайды», - делінген мәлімдемеде.
«Қазақстан ұстанымы халықаралық құқық қағидаттарына және БҰҰ ҚК тиісті қарарларына негізделеді. Экстремизм мен лаңкестікке қарсы БҰҰ аясында бірлескен шаралар қолдану және Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі халықтың болашағы мен мүмкіндіктеріне кернеу салатын экономикалық және әлеуметтік мәселелер шешімінің жолдарын іздеу қажет деп ойлаймыз», - деп есептейді СІМ.
Дереккөз: ҚазТАГ