Атырау, 25 маусым 13:47
 дождьВ Атырау +26.1
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Қосшағыл маңындағы мұнай іздері: ескі ұңғыма ма, әлде заңсыз төгінді ме?​

Сурет
127 рет қаралды

Қосшағыл ауылы маңындағы мұнайға ұқсас іздер тұрғындардың алаңдаушылығын тудырды.

Әлеуметтік желіде Жылыой ауданы Қосшағыл ауылының далалығынан мұнайға ұқсас қалдық табылғаны жөнінде видео жарияланды. Айналасы қоршаусыз күйде болды. 

Бұл төгілген қалдық па, жоқ мұнай көзі табылған ба деген сұрақ жылыойлықтарды мазалауда. 

Осыған орай Атырау облысы экологиялық департаметіне сұрау салғанбыз.

- Төккен нәрсеге ұқсамайды, кімнің жері екенін анықтаймыз, - деген жауап келді. 

Іле-шала мұның ескі ұңғы екені, тазарту жұмысы жүргендігі жөнінде ақпар жетті. Экология департаментінің баспасөз қызметі бұл қалдық жөнінде және жердің иесін анықтау үшін "Ембімұнайгаз" АҚ-на хат жолдапты.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.