Атырау, 27 желтоқсан 09:35
 бұлттыВ Атырау -3
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Шыңғысханның туған жері ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра нысандарының тізіміне қосылды

2 101 рет қаралды

Image 0Алматы. 7 шілде. ҚазТАГ – Шыңғысханның туған жері ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра нысандарының тізіміне қосылды, деп хабарланады ұйымның ресми сайтында.

«(Моңғолия аумағындағы – ҚазТАГ) Бурхан-Халдун таулары Шыңғысханның туған және жерленген жері болып саналады. Нысан ұлы ханның моңғол халқын біріктірудің маңызды факторы ретінде тау культін нығайтудағы күш-жігерін айғақтайды», - делінген хабарда.

Бурхан-Халдун тауларынан бөлек тізіміне тағы бес нысан кірді: қытайлық «туса» атты билеушілер сәулет кешені (Қытай), Пэкче корольдығының тарихи облысы (Корей Республикасы), Шаур өзенінің жағалауындағы Арташира сарайымен бірге Сузы қаласы және Мейманда мәдени ландшафтысы (Иран Ислам Республикасы), сондай-ақ Сингапур Ботаникалық бағы.

Жоғарыда санамаланып өтілген нысандарды қосу туралы шешім 28 маусым мен 8 шілде аралығында Боннда (Германия) өтіп жатқан Дүниежүзілік мұра комитетінің отырысында қабылданды.

Дереккөз: ҚазТАГ

7 шілде 2015, 18:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.