Атырау, 15 желтоқсан 22:44
 ашықВ Атырау -8
$ 522.38
€ 612.60
₽ 6.54

​Оқу-жаттығу кезінде атыраулық сарбаз қаза болды

2 568 рет қаралды

Image 0Қарағанды облысындағы әскери жаттығу кезінде Көкөзек өзеніне 24 жастағы атыраулық әскери қызметкер суға кетіп қалды. Бұл ақпаратты Батыс өңірінің әскери прокуратурасы растады.

Орталық БАҚ-тарда хабарланғандай, судағы жаттығуға бірнеше әскери бөлімшелерден әскери қызметкерлер, соның ішінде ҚР қорғаныс министрлігінің атыраулық №41433 әскери бөлімшесі (барлау полкі) де қатысқан. Құтқарушылар денені екі жарым сағаттан кейін судан шығарып алыпты. Тергеу жүргізілуде. Қаза болған сарбаз – Астана тұрғыны, Атырауда келісімшартпен қызмет атқарып жүрген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 шілде 2015, 12:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.