"Чукотка" түнгі клубында қаза тапқан ер адамның туыстары "Абайсызда кісі өлтіру" бабы бойынша кінәлі деп танылған Александр Кузнецовқа кесілген жазаға шағым түсіреді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қаза болған Сырым Мұратқалиевтің ағасы Дәулет айтып берді.
Оның айтуынша, жәбірленуші тарап Кузнецовты "Адам өліміне әкеп соқтыратын ауыр дене жарақатын салу" бабы бойынша жазаға тартуға қол жеткіземіз деп отыр. Сонымен қатар, Дәулет Мұратқалиев басқа қоғаушы жалдағандарын, Лариса Романованың іске кіріскенін айтты.
Сонымен қатар, Интернетте қорғаушы Романованың айтқандары түсірілген видео жарияланды. Ол роликте де Кузнецовқа тағылған айыпты қайта талқылайтынын растады. "Қаулы шыққаннан кейін жәбірленуші тарап шешімге қарсы болса да шағымданбады. Олар Сырым Мұратқалиевтің енді қайта келмейтінін, ал Кузнецовқа тағылған айып оған өз кінәсін түсінуге мүмкіндік береді деп ойлады. Дегенмен әлеуметтік желілерде Кузнецовты қолдаушылардың тарапынан қысым пайда бола бастады. Осыған байланысты Медеу аудандық сотына шешімге қарсы шағым түсіреміз", - деді қорғаушы.
Еске сала кетейік, 2015 жылдың 6 наурызында Алматыдағы "Чукотка"түнгі клубында төбелес болып, салдарынан Сырым Мұратқалиев қаза тапты. Басты айыпталушы Александр Кузнецов бір жарым жылға сотталды.
Сотта қаза болған ер адамның туыстары Александр Кузнецовтан моральдық және материалдық шығын талап етті. "Бұл материалдық және моральдық шығынды заңды түрде өтеу. Бір жарым миллион теңгені жерлеу рәсімімен байланысты материалдық шығын ретінде және 18 миллион теңгені моральдық шығын ретінде бірден емес, қайтыс болғанның екі қызына ай сайын төлеп тұруды талап етіп отырмыз. Бұл Сырымның өмірдегі мақсаты болған. (...) Бұл бопсалау емес, моральдық шығынды заңды түрде өтеу", - деді Дәулет Мұратқалиев. Кейін жәбірленуші тараптың бұл шығындарды азаматтық тәртіппен өндіріп алмақ болғаны хабарланды.
29 маусымда өткен соңғы сот отырысында соңғы сөзін айтты. Кузнецов іс материалдарының өз тарапынан болған қорғау дерегін растағанын мәлімдеді. "Тараптарды қатар тыңдау кезінде бәрі өз ретіне келді, істе ешқандай да дақ қалмады. (...) Тергеу тарапынан және прокуратура тарапынан да іс материалдарына қол қойылды, бұл олардың осыған келіскенін білдіреді. Іс материалдарында пышақпен шабуыл жасалғаны көрсетілген. Пышақ күдік туғызбайды. Менің әрекетім өзімді қорғау ретінде бағаланды", - деп мәлімдеді Кузнецов.
Дереккөз: tengrinews.kz