6 шілдеде Атыраудағы орталық «Иманғали» мешітінде соғыс, еңбек және тыл ардагерлеріне ауызашар берілді.
Соғыс ардагері Әлібек Түсібалиев жиналғандарды Астана күнімен құттықтады. Ол жастарға бейбітшілікті сақтап, отанын сүйіп, үлкенді құрметтеңдер деп өсиет айтты. Ақсақалдар кезекпен сөз алып, облыс халқын мерекемен құттықтап, Қазақстанға тыныштық пен көркейе беруді тіледі. Ас беру аяқталғаннан кейін облыстың бас имамы Батыржан МАНСҰРОВ дұға оқыды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ