АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік теннисші Мария Шарапова Уимблдонда төртінші раундта өзі ұтқан қазақстандық қарсыласы Зарина Диясты мақтады.
«Екінші партияда ден қою деңгейім әлсіреп кетті. Үшінші геймде екі рет басымдық танытсам да, оны ала алмадым. Кейін өз-өзімді жинап алдым», - деп атап өтті Мария.
«Біздің ойынымыздың өткен матчтан ерекшелігі Заринаның турнир сайын тәжірибе жинақтай түсуінде. Мельбурнмен салыстырғанда, мен бастапқыда мүлдем басқа ойын күткенмін.
Дияс допты төменнен мықты ұрады, әсіресе соққыға дайындалуға уақыт жеткілікті болса қауіпті. Әрі Зарина шабуыл бағытын өзгерту жағынан шебер», - деді Шарапова "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұхбатында.
Дереккөз: inform.kz