Шымкентте көбейтуді білмейтін оқушыны ұрған мұғалімге 300 АЕК, яғни 600 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.TV.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл оқиғаның №24 мектепте болғанын анықтады. Айта кетейік, мектеп бітіруші түлектің ата-анасы мұғалімнің үстінен арыз түсіруден бас тартты. Алайда он бірінші сынып оқушысына қатыгездік көрсету дерегі бойынша ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлімі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл бапта 300-ге дейін АЕК түріндегі немесе қоғамдық жұмыстарға 240 сағатқа тарту немесе 75 тәулікке үш жылға дейін белгілі бір қызметте болудан айыру арқылы қамау қарастырылған.
Еске сала кетейік, Шымкенттегі мектепте түсірілген видео Желіде таяуда шыққан болатын. Кадрдан видеоның алгебра пәнінде түсірілгенін байқауға болады. Оқушылардың бірі тақтаның алдында тұрып цифрлар жазып жатыр. Оған мұғалім бүктелген қағаз лақтырып, оқушыны алақанымен ұрып жібереді. "Көбейтуді білмесең 11-сыныпта не істеп жүрсің?", - деп айқайлады ол. Видеоға пікір білдірушілердің көзқарасы екіге жарылды. Кейбірі мұғалімнің ісіне қапа болып, "мұндайларға мектепте орын жоқ" деп жатыр. Ал басқалары болса 11-сыныпта көбейтуді білмеген оқушыларға кез келген мұғалімнің ашуланатынын айтты.
Дереккөз: tengrinews.kz