Атырау, 25 желтоқсан 00:57
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Оқиға

Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Өткен жылдың соңғы күнінде сағат 21.30-да Атырау тұрғыны М. жаңа жылды бірге тойлау үшін өзінің ескі танысына келеді. Бірақ мереке қайғылы аяқталады: отырыс барысында ер адамдар керісіп, қонағы қожайынды аяусыз соққыға жығады. Алынған зақым салдарынан үйдің иесі көз жұмды. №2 қалалық соты күдіктіні 2 айға қамауға алуға санкция берді. 12 қаңтар 2017, 00:00 2 789 рет қаралды
​Комиссия 32 жастағы босанушы әйелдің және шетінеген баласының өлімі себебін анықтауда Оқиға

​Комиссия 32 жастағы босанушы әйелдің және шетінеген баласының өлімі себебін анықтауда

9 қаңтарда Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы басшылық еткен арнайы комиссия Индер ауданына барып, 32 жастағы босанушы әйел мен оның сәбиінің өлу себебін анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады. 10 қаңтар 2017, 10:59 4 480 рет қаралды
Қызыл балық болсын, басқа болсын, бұл - бәрібір пара Оқиға

Қызыл балық болсын, басқа болсын, бұл - бәрібір пара

Атырау қалалық №2 соты Атырау қаласының тұрғынына қатысты пара бергені үшін үкім шығарды. Бұл Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Айгүл РЗАҒҰЛОВАНЫҢ ісімен байланысты, оған бұрынырақ пара алғаны үшін 5,6 миллион теңге көлеміндегі айыппұл түрінде жаза тағайындалған болатын («Рзағұловаға айыппұл жазасын берді»). 9 қаңтар 2017, 11:19 3 623 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Полицияға 40 жастағы Балық-шы тұрғыны шағымданды: 4 желтоқсанға қараған түні Әуезов көшесіндегі кафелердің бірінде үстелден оның сөмкесін ұрлап кеткен. 30 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу жүргізілуде. 8 желтоқсан 2016, 00:00 3 123 рет қаралды
​«ІІБ-9» ісі: «Басшылық Өтеуовті үлгі ететін» Оқиға

​«ІІБ-9» ісі: «Басшылық Өтеуовті үлгі ететін»

5 және 6 желтоқсанда Манарбек ӨТЕУОВТІҢ «әшкере» хатынан кейін қылмыстық істер қозғалған Атырау қалалық ІІБ-нің 9 полицейіне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Олардың барлығы үйқамақта отыр. Сурет 7 желтоқсан 2016, 11:12 3 904 рет қаралды
​Полицей бастығы қарамағындағыларды балағаттап, хаттаманы жыртып тастады Оқиға

​Полицей бастығы қарамағындағыларды балағаттап, хаттаманы жыртып тастады

YouTube-та полицей басшылығының өкілеттілігін теріс пайдаланғаны туралы кезекті ролик пайда болды. Бұл жолы өз қарамағындағыларға қатысты екен. Ролик 6 желтоқсанда «ШОК!!! Махамбетский Гаий протокол жырту устинде!» деген атаумен жарияланған (https://www.youtube.com/watch?v=tR5ZEZxUYgY). Бейнежазба 7 желтоқсан 2016, 15:37 4 678 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

«Жасөспірім» жедел-алдын алу операциясы жүргізілген үш күн ішінде кәмелетке толмаған 500-дей жасөспірім полицияға жеткізілді. Көпшілігін түнгі сағат 23-тен кейін көшеде, түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде жүргені үшін ұстаған. Базарлар мен вокзалдардан 20-дан астам панасыз балалар табылды, берекетсіз отбасынан шыққан 30 бала есепке қойылды. Бұдан басқа, жасөспірімдерге спирттік ішімдіктер мен шылымдар сату фактілері бойынша 29 әкімшілік хаттама жасақталды. 23 қараша 2016, 20:44 2 873 рет қаралды
​Бұрын сотталған ішкішті ата-аналық құқығынан айырды Оқиға

​Бұрын сотталған ішкішті ата-аналық құқығынан айырды

Атырау облыстық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Атырау қаласының тұрғын әйелінің азамат Н.-ды кәмелетке толмаған баласына қатысты ата-аналық құқығынан айыру туралы талап-арызын қанағаттандырды. 9 қараша 2016, 11:48 2 634 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Геолог поселкесінде 20 қазанда ВАЗ-2110 және «Тойота Камри» көліктері соқтығысты. «Лада» жүргізушісі мас күйде болған, оның үстіне, бұрын ол осындай заң бұзушылық жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Жол-көлік апатының салдарынан зақым алған ол облыстық ауруханаға жатқызылды. 3 қараша 2016, 00:00 2 841 рет қаралды
Шихназар он жылдан бері бауырын іздеп жүр Оқиға

Шихназар он жылдан бері бауырын іздеп жүр

Он жарым жыл бұрын ағайынды Шихназар мен Баходир ХАСАНОВТАР Атырауға өзбек қаласы Үргеніштен ақша табуға келген, ал төртінші күні Баходир аяқ астынан жоғалып кетеді. Ата-аналары әлі күнге дейін кенже ұлдарының аман-есен ораларына үміттеніп отыр... Сурет 17 қазан 2016, 14:35 2 540 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Қыркүйектің 19-ына қараған түні Атырауда Мечников пен Рысмағамбетов көшелерінің қиылысында полицейлер 29 жастағы Атырау тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Лада» ВАЗ 2114 көлігін тоқтатты. Дерекқордан мемлекеттік нөмірді тексеру кезінде оның еш жерде есепте жоқ екендігі, ал көліктің басқа нөмірмен тіркелгендігі анықталды. Тергеу жүргізілуде. 22 қыркүйек 2016, 00:00 3 044 рет қаралды
Қылмыстар хроникасы Оқиға

Қылмыстар хроникасы

Отыз жастағы қала тұрғыны полицияға 25 тамыз күні таңертең Геолог поселкесіндегі дүкен жанында белгісіз әйел оның қызының құлағынан алтын сырғаларын шешіп алып, жасырынғанын хабарлады. Күдіктінің бет-бейнесі анықталды, ол Батыс Қазақстан облысының 20 жастағы әйелі екен. Оған іздеу жарияланды. 1 қыркүйек 2016, 00:00 2 855 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Тамыздың 12-не қараған түні жол-патруль полицей қызметкерлері Сарыөзек маңындағы ветеринарлық бақылау қосынынан қала маңындағы Бірлік поселкесінің 24 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Дэу-Нексия» көлігін тоқтатты. Көліктің жүксалғышынан жаңа ауланған 40 келі бекіре еті табылды. Тыйым салынған жүк жүргізушінің 39 жастағы ауылдасына тиесілі екен. 18 тамыз 2016, 00:00 1 694 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Атырауда «Қару» жедел-алдын алу шарасы өтті. ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, бір апта ішінде азаматтық және қызметтік қаруды, оған патрондарды сатып алу, сақтау және пайдалану ережесін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-тің 484-бабы) 87 адам, оны тіркеу (қайта тіркеу) ережесін немесе оны есепке қою тәртібін бұзғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-тің 486-бабы) 49 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды 4 тамыз 2016, 00:00 2 573 рет қаралды
​Жасөспірімдерді ұрлық жасауға итермелеген Оқиға

​Жасөспірімдерді ұрлық жасауға итермелеген

Жасөспірімдерден құралған қылмыстық топтың ұйымдастырушысы екі жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Ал, оның тапсырмасын орындаған кәмелеттік жасқа толмаған екі жасөспірім қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. 14 шілде 2016, 12:00 3 123 рет қаралды
Оқиғалар тізбегі Оқиға

Оқиғалар тізбегі

Сәуірдің аяғында қала маңындағы Ақжар поселкесінің 35 жастағы тұрғынының үйінің жанында тұрған КАМАЗ-дың екі аккумуляторын ұрлап кеткен. Ұрлық жасады деген күдікпен Атыраудың 20 жастағы тұрғыны ұсталып, басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды. Заттай айғақтар алынды. 19 мамыр 2016, 00:00 2 588 рет қаралды