Махамбет ауданында қыз балаға жерге темекі тұқылын тастағаны үшін айыппұл салынды.
Оны полиция Береке поселкесіндегі көшеден ұстаған. Іс материалдарына сүйенсек, құқық бұзушы қыз темекіні тартып болған соң, тұқылын жерге лақтыра салған. Ол осылайша «қоғамдық пайдалану орнын ластап, қоғамдық тәртіпті бұзды».
Махамбет аудандық соты оны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша кінәлі деп танып, 10 АЕК (21 210 теңге) түрінде айыппұл салды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ